«Еңбек жолы» Конкурсының аймақтық кезеңіне қатысуға өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарландыру

«Еңбек жолы»   Конкурсының аймақтық кезеңіне қатысуға өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарландыру

«Еңбек жолы»

 Конкурсының аймақтық кезеңіне қатысуға өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарландыру

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2021 жылы "Еңбек жолы" республикалық конкурсын өткізудің басталғаны туралы жариялады.

Конкурсқа кәсіпорындардың барлық қызметкерлері қатыса алады (мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, салаға қарамастан).

Байқау 3 номинация бойынша өткізіледі:        

1."Үздік еңбек әулеті"

Бұл номинацияда ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар әулет таңдалады.

Еңбек әулеті- бір отбасының  жақын туыстарының екі және одан да көп ұрпағы болып табылатын ( ерлі-зайыптылардың бір немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен), қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және осы кәсіпорындағы жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл болатын бір ұйымның жұмыскерлер тобы.

2.«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері»

Бұл номинацияда  жұмыс өтілі кемінде 20жыл, жоғары тиімді жұмыс

істейтін тәлімгер таңдалады.

3.«Өндірістің үздік жас маманы»

Бұл номинацияда жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және

еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады.

Конкурс жеңімпаздарына тиісті диплом және ақшалай сертификаттар беріледі.

Конкурсқа құжаттар 2021 жылғы 14 мамырға дейін "Қаражал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-не, мына мекен-жай бойынша ұсынылады: Қаражал қаласы, Сары Тоқа көшесі, 1, электрондық мекен-жайы: karazhal_trud@mail.ru анықтама телефоны: 8 (71032) 2-62-84.