Меню

Страницы

Статья

EGov.kz порталында қашықтықтан ЭЦҚ алу мобильді телефон камерасы арқылы қолжетімді болады

Айдың басынан eGov.kz порталында электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу үшін Digital ID бейне тексеруі компьютердің камерасын қолданбастан қолжетімді болады.

 

Ел тұрғындары үшін ЭЦҚ-ны қашықтан алу процесі одан да қолжетімді және ыңғайлы болды. Бейне тексеру сервисі - Digital ID пайдаланушыларға компьютерде камера болмаған жағдайда немесе жарамсыз болған кезде  QR  -кодтың көмегімен ЭЦҚ-ны қашықтықтан алу үшін сәйкестендіру рәсімінен өтуге мүмкіндігін береді. Жаңа жаңартулар жеке және заңды тұлғалар үшін қолжетімді.

 

«ЭЦҚ шығару eGov.kz порталында өте танымал сервис, тек осы жылдың өзінде оны 4,8 млн.рет мемлекеттік қызметтерді алу үшін жасаған. Біз азаматтардан көбінесе компьютерде камера жоқ немесе жұмыс істемейді деген пікір аламыз. Бұл өзгерістер ЭЦҚ-ны қашықтан алу процесін жеңілдетеді және ыңғайлы етеді»,- деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин.

 

Жаңартуларды пайдалану үшін телефон камерасын компьютер экранында көрсетілген QR-кодына бағыттап, бейне тексеруден өту керек. Сәйкестендіру сәтті расталғаннан кейін өз компьютеріңізде ЭЦҚ алудың үйреншікті тәсілін жалғастыру қажет.

 

Бейне нұсқаулыққа сілтеме:

 

https://www.youtube.com/watch?v=64RGF5MwfCY

 

Айта кету керек, QR–код арқылы бейне тексеруді өз мобильді телефоныңызда өту ұсынылады.

 

Дата публикации
16 июня 2022
Дата обновления
16 июня 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы