Меню

Страницы

Статья

Жыл сайынғы « Парыз 2022 » конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарландыру

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі, жұмыс берушілердің Ұлттық палатасы, Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы 2022 жылғы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық конкурсын өткізудің басталғаны туралы хабарлады.

Осыған байланысты, Қаражал қаласының және Жәйрем кентінің барлық жұмыс берушілері мен кәсіпкерлерін аталған байқауға қатысуға шақырамыз.

Конкурс халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.

Конкурстың өңірлік және республикалық кезеңдеріне қатысу тегін. Байқау қорытындысы жыл соңында шығарылады.

Байқау 4 номинация бойынша өткізіледі:

1) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» (бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, өңірдің әлеуметтік жобаларын іске асыруға қатысуға, мүмкіндіктері шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы қоғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекке ақы төлеуді және әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру, кадрларды кәсіптік даярлау және қайта даярлау жүйелері, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың барынша көп санын жұмысқа орналастыру және т.б.) іске асыратын үміткерлердің қызметі қаралады).

2) «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» (бұл номинацияда еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады).

3) «Үздік ұжымдық шарт» (бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады).

4) «Экологияға қосқан үлесі үшін» (бұл номинацияда қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады).

Сонымен қатар, Конкурста «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы бекітіледі.

Бұл арнайы сыйлықта бизнес іске асыратын, халықтың әлеуметтік осал және аз қамтылған топтарының жұмыспен қамтылуына және (немесе) тұрмыс жағдайларын жақсартуға ықпал ететін әлеуметтік жобалар қарастырылады.

  1.        Конкурсқа катысуға:

         1) қызметін кемінде үш жыл жүзеге асыратын;

         2) таратылу сатысында тұрмаған, банкрот деп танылмаған;

         3) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының жойылмаған бұзушылықтары, оның ішінде қызметкерлерге жалақы және басқа да төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ;

         4) қызметкерлермен ұжымдық еңбек даулары жоқ;

         5) Қазақстан Республикасының аумағында саяси, кәсіподақ және діни ұйымдарды қолдауға бағытталуға тиіс емес әлеуметтік және қайырымдылық қызметті жүзеге асыратын;

       6) конкурсқа қатысуға өтінімінде дәйекті мәліметтерді көрсеткен, сондай-ақ құжаттарды толық көлемде ұсынған үміткерлер жіберіледі.

Конкурсқа катысу үшін үміткерлер жергілікті атқарушы органдарға материалдарды екі данада жолдайды, оларда:

        1) осы ережелерге қосымшаға сәйкес толтырылған өтінім;

       2) үміткердің өз қызметінің деңгейін өзін-өзі бағалауын және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты нәтижелерін білдіретін есебі болады;

        Үміткердің есебінде:

        заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы;

        ұйымдық құрылымы; өзге де қосымша ақпарат;

        3) есепке қосымша (ұжымдық шарттың көшірмесі және өзге де құжаттар);

      4) Қазақстан Республикасының Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігі белгілеген және оның интернет-ресурсында орналастырылған нысанда толтырылған сауалнама болуы тиіс.

 

«Парыз 2022» конкурсына қатысу қағидалары мен тәртібі туралы толық ақпарат алу үшін Қаражал қаласының жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне,  Қаражал қаласы, Сары Тоқа көшесі -1 мекен-жайы бойынша хабарласуға болады ( телефон -  8(71032) 2-62-84). Ақпарат «Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-нің сайтында қол жетімді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2022 жылдың 01 шілдеге дейін қабылданады.

 

 

Дата публикации
05 мая 2022
Дата обновления
05 мая 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы