ЖӘЙРЕМ КЕНТІ ӘКІМІНІҢ 2021 ЖЫЛЫ
АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША ЕСЕБІ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы «Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдық(селолық) округтер және кенттер мен ауылдар (селолар) әкімдері жыл сайын, бірінші тоқсан ішінде тұрғындармен есептік кездесулерін өткізу туралы» №190 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында, әр деңгейдегі әкімдердің халық алдында жыл ішінде атқарылған жұмыстарының жылдық есебі жалғасуда.
Осы орайда:
КЕНТ ТӨЛҚҰЖАТЫ
Жалпы кент тұрғындарының саны – 10 902 адамды құрайды,
оның ішінде:
Өткен жылдың есеп беру барысында мәселелі 40 сауал қойылып, оның 26-на есеп беру кезінде жауап берілді. Қалған 14 сауал бойынша іс-шаралар жоспары құрылып, Жыл ішінде тиісті жұмыстар жүргізіліп, 10 сауалда көтерілген мәселелер өз шешімін тапты. Қазіргі таңда 4 сауал бойынша жұмыс жүргізілуде, олар: кентті газбен жабдықтау және кенттің кәріз жүйелерінің қайта құру (реконструкция) мәселелері.
БЮДЖЕТТІҢ ІV ДЕҢГЕЙІ
4 жылдан бері Жәйрем кентінде бюджеттің IV деңгейге енгізілген. Осы арада кенттін бюджеті 2018 жылы 295 782,0 мың теңгені құрап, бүгінгі таңда 175,9 %-ға артып, есеп беру кезеңінде 520 386 мың теңгені құрады.
Қаражат келесідей жұмыстарға көзделді:
Салықтық түсімдер:
2021 жылы салықтық түсімдер 30 383,8 мың тг. құрап, 2020 жылмен салыстырғанда 127,7 % орындалды (2020 жылы - 23 783,0 мың тг.), оның ішінде:
Жылдық жоспармен салыстырғанда салықтық түсім 123,4% орындалды.
Салықтық емес түсімдер:
Кенттің әлеуметтік-экономикалық дамуы, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, селоның, ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағытталған ақшалай түсімдер мен шығыстардың жоспары, азық-түлік бағалары, санитария, абаттандыру, көшені жарықтандыру, кенттің 2021-2022 жылдарға арналған бюджеті, 2021 жылға арналған Меморандумның орындалуы, Жәйрем кенті әкімінің сайлауы және кент әкімінің қызметіне ұсынылған кандидатураларды келісу бойынша жергілікті қауымдастықтың 6 жиыны 10 жиналысы ұйымдастырылып өткізілді.
КЕНТ ӘКІМІ АППАРАТЫ БОЙЫНША
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бекітілген регламентіне бойынша, кент тұрғындарына 300 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
Отбасы құрамы көрсетілген тұрғылықты мекен-жай анықтамасы – 230;
Пеш жағатыны туралы анықтама – 48;
Көше атауының өзгергендігі туралы анықтама – 16.
Көпбалалы аналарды Мемлекеттік награда «Алтын алқа», «Күміс алқа» Алқаларымен наградтауға ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеу – есеп беру кезеңінде 6 іс рәсімделіп, наградтауға ұсынылды.
Сапасыз мемлекеттік қызмет көрсетілгені, қызмет көрсету мерзімінің бұзылғаны жөнінде қызмет алушылар тарапынан арыздар түскен жоқ.
2021 жылы кент әкімінің жеке қабылдауында 56 адам болды. Әр қайсысының сұрақтары бойынша түсініктеме берілді. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініш, арыздардың саны 76 құрады. Бүгінгі таңда сұрақтар бақылаудан алынып, өтініш берушілерге жауап берілді.
2021 жылы кент әкімімен шығарылған шешімдер саны – 10, өкімдер – 184, оның 74 - негізгі қызмет бойынша.
ӘЛЕУМЕТТІК САЛА
Жәйрем кенті әкімінің аппаратында 5 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде: 2 әлеуметтік қызметкер – 15 жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсетеді және 3 әлеуметтік қызметкер 10 ерекше қажеттіліктері бар балаларға қызмет көрсетуде (жалпы кент бойынша 16 жасқа дейінгі ерекше қажеттілікті талап ететін балалардың саны – 36 адам).
2021 жылы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жұмыспен қамтылу үшін 385 адам өтініш берді, оның ішінде: кент мекемелеріне тұрақты түрде жұмысқа орналасқандар саны – 193 адам; әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілгендер саны – 7 адам; жастар тәжірибесі шеңберінде құрылған жұмыс орындарына жіберілгендер саны – 13 адам; қоғамдық жұмысқа қатысқандар саны – 97 адам. «Жәйрем Дамуы» Корпоративтік қорының жанынан ашылған Құзыреттілікті дамыту орталығында есеп беру кезеңінде жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрған 91 жұмыссыз 6 мамандық бойынша оқытылды. Оқытылғандардың 75-сі тұрақты түрде жұмыспен қамтылды, оның ішінде 44 адам «ЖКБК» АҚ-на, 31 адам басқа ұйымдарға.
«Қаражал қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы» аясында оқытылған 25 адам әр қайсысы өз кәсібін жүргізту үшін 583 400 теңге көлеміндегі грантқа ие болды.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2021 жылы кенттегі 21 отбасына (121 адам) 913 мың теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көрсетілді. Сонымен қатар, тұрғын үй жәрдемақысы 7 отбасына тағайындалып, 281,7 мың теңге төленді.
Есеп беру кезеңінде мемлекеттік наградалар «Алтын алқа» - 3 әйелге, «Күміс алқа» - 3 әйелге табысталды. Бүгінгі күні кент бойынша «Алтын алқа», «Күміс алқа» Алқаларымен 128 ана наградталды.
Ұйымдастырылған іс-шаралар
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында кент әкімі аппаратының қолдауымен, арасында тікелей ұйымдастыруымен шаралар өтті:
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Жәйрем кентінде Абай бюсті бой көтерді.
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Кентте 3 жалпы білім беретін мектеп бар, олар: 1 - қазақ мектебі, 2 - аралас мектептер. Мектептердегі оқушылар саны – 1942 бала. Кентте 1 «Балдырған» бөбекжайы жұмыс істеуде, бөбекжайда топтар саны 11, 170 бала тәрбиеленуде (280 балаға дейін қамти алады).
Есеп беру кезеңінде «Алтын Белгі» төсбелгісіне №10 ЖББМ түлектері Жақсытаев Айсұлтан, Сейтмағұлова Сәбина, Мейрамбек Құралай және №30 ЖББМ түлегі Асанов Ақнар ие болды.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ
«Жәйрем кентінің ауруханасы» КМҚК 6 бөлімше, 23 төсек орны бар. Жұмыс істейтін кабинеттердің саны - 16. Мекемеде жұмыс істейтіндердің саны - 155 адам, оның ішінде: 20 - дәрігер, 83 - орта медициналық персонал.
Есеп беру кезеңінде 5 маман (дәрігер) жұмысқа қабылданып, жас мамандардың жалпы саны 12 адамды құрады.
МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ
Кентте 1 мәдени-сауық орталығы (МСО) бар, онда Қаражал қалалық кітапханасының және Қаражал қаласының балаларға арналған көркем-өнер мектебінің филиалдары жұмыс істейді.
2021 жылы республикамыздың мемлекеттік және кәсіби мерекелеріне арналған іс-шаралар, сайыстар, байқаулар, концерттер, фестивальдар және спорттық ойындардан жарыстар өткізілді. Жалпы мәдени көпшілік іс – шаралардың саны - 168. Коронавирус індетінің бой алуына байланысты есеп беру кезеңінде жоспарланған іс-шаралардың 93,5 % немесе 157-сі онлайн форматта өткізілді.
Жәйрем мәдени-сауық орталығында 2 клуб жұмыс жасауда, оның біреуі - «Жасұлан» әскери патриоттық клубы – жетекшісі Айтуған Охан, құрамында – 50 бала, 2021 жылы ашылды. Сонымен қатар мекемеде 7 үйірме жұмыс істейді - оған қатысушылардың саны 158 адам. Атап айтсақ:
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ, КӘСІПКЕРЛІК, ӨНЕРКӘСІП САЛАЛАРЫ
Кент бойынша 7 шаруа қожалығы тіркелген. Қожалықтардағы мал саны 1442 басты құрайды, оның ішінде: ірі қара мал саны – 228 бас, ұсақ мал – 548 бас, жылқы – 666 бас.
Әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабындағы
деректерге сәйкес тіркелген мал саны
|
Атауы |
2020 жыл |
2021 жыл |
% |
|
Жылқы |
1056 |
1263 |
119,6 |
|
Ірі қара мал |
3964 |
4121 |
103,9 |
|
Ұсақ мал |
4420 |
4426 |
100,1 |
|
Жалпы саны |
9440 |
9810 |
103,9 % |
Әр шаруашылық пен кенттегі шаруа қожалықтарының мал бастарын қосқанда 11 252 мал басын құрады.
Жыл ішінде кент бойынша 211 бас қаңғыбас, иесіз жануарлардың көзі жойылды, оның ішінде: иттер – 173 бас, мысықтар – 38 бас.
Жәйрем кентінде шағын және орта бизнес объектілерінің саны 118-і құрады. Есеп беру кезеңінде кентте бірнеше объектілер бой көтерді, оның ішінде «Салта-STOM 20» стоматологиясы, «Кеңдала», «Санжар» шағын маркеттер, «Раяна», «Жәйрем» дәмханалары, «Мейірімді дәрігер Омиржанова» дәріханасы және т.б.
Сонымен қатар, 2021 жылдың 20 қазанында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың телекөпір режимінде қатысуымен Жәйрем кентіндегі «Жәйрем КБК» АҚ жаңа Полиметалл фабрикасы пайдалануға берілді. Жаңа фабрикада жергілікті тұрғындар үшін 400-ге жуық жұмыс орны ашылды. Полиметалл фабрикасы Жәйремді ғана емес, бүкіл Қарағанды облысын дамытудың жаңа кезеңі. Жаңа өндірістің енгізілуіне байланысты Жәйрем КБК өңдеу қуаты жылына 1,5-тен 5 млн. тоннаға дейін өсті, ал жұмыспен қамтылғандардың саны 1875 адамды құрады.
АВТОКӨЛІК ЖОЛДАРЫ
2021 жылы кенттің автокөлік жолдарында келесі жұмыстар атқарылды:
СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ, КӘРІЗ ЖҮЙЕСІ
Ауыз су үздіксіз «Тұзкөл» су қорынан алынып отыр. Қазіргі таңда ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 84 ұңғымалық насосы орнатылған, оның 49 жұмыс атқаруда, 19-ы консервацияда, 16-ы резервте. Ауыз су жүйесінің тарифі 2020 жылдан бері өзгеріссіз.
2021 жылы ауыз су құбырының жүйесінде 11 апаттық жағдай орын алды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде құбырлар қалпына келтірілді (Шинтуринова, Абая, Сагырбаева, Сейфуллина, Металлургов, Мамаева көшелері, саяжай, ГРЭ ықшам аудандары).
Кәріз жүйесінің тарифі де 2020 жылдан бері өзгеріссіз. 2021 жылы Сагырбаева, Абая көшелерінде, сонымен қатар, аурухана, «Весна» қонақ үйі аумақтарының тозығы жеткен кәріз құбырлары ауыстырылды. Кентіміздің кәріз жүйесін жаңарту мақсатында Жобалық сметалық құжаттамалар әзірленді. Бүгінгі күні, тапсырыс беруші тарапынан Республикалық бюджеттен қаражат бөлуге өтініш берілді. Тапсырыс беруші: «Қаражал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
АБАТТАНДЫРУ, КӨГАЛДАНДЫРУ, ЖАРЫҚТАНДЫРУ, БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕСІ
Кентімізде бүгінгі күні 23-балалар алаңқайы, 4 -футбол алаңы, 2-жаттығу алаңдары орнатылған. Оның ішінде 11 объект 2021 жылы орнатылды (8 балалар алаңқайы, 1 футбол алаңы, 2 жаттығу алаңдары).
30 баннер әзірленіп ілінді.
Кентімізді көгалдандыру мақсатында, 100 дана қарағай және 5000 дана петунья гүлдері отырғызылды. Отырғызылған жасыл желектерді күтіп ұстаумен «Колганат-Караганда» ЖШС мекемесі айналысты.
Меморандум аясында, 7 көпқабатты тұрғын үйлерді шатырлау жұмыстары жүргізілді. 2022 жылы қалған 9 көпқабатты тұрғын үйлерді шатырлау жұмыстары өз жалғасын табатын болады.
Кентіміздің көшелерін жарықтандыру үшін мамыр айында 146 дана, желтоқсан айында 226 дана көше жарықшамдары орнатылды. 146 дана жарықшамдар бүгінгі күні толық іске қосылған, 226 дананы іске қосу үшін арнайы құжаттамалар әзірленуде. Бүгінгі күні кент бойынша жарықшамдардың саны – 689 дананы құрайды.
Кент тұрғындарын сапалы интернет жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында, ГРЭ ықшам ауданына, 7 орамға (Металлургов көшесі, № 35 үйдің шатырына) Меморандум аясында 4G базалық станциялары орнатылды.
ЖЫЛУМЕН ҚАМТУ
Жалпы кент бойынша 12 жылу қазандығы бар. Оның ішінде 6-і бюджеттік мекемелерде, 6 - көпқабатты үйлерде орналаскан. Бүгінгі күнге дейін, көпқабатты тұрғын үйлерге жылу берумен заңды тұлға «Жәйрем кенті әкімі аппаратының «Жәйрем Болашақ» КМК айналысқан. 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап электр жарығының тарифі ҚҚС-пен 30,5 теңгеден- ҚҚС-пен 100,93 теңгеге дейін көтерілуіне байланысты, Жәйрем кенті әкімі аппаратының «Жәйрем Болашақ» КМК нарықтан кетуге мәжбүр болды. Кәсіпорынның нарықтан кетуінің тағы бір себебі тұрғындардың КМК алдындағы берешегі: 2020-2021жж. жылыту маусымының қорытындысы бойынша тұтынушылардың, оның ішінде заңды тұлғалардыңда қарыз сомасы 19 600,0 мың теңгені құрады. Өз кезегінде кәсіпорынның 17 119,0 мың теңге мөлшерінде кредиторлық берешегі бар. Жәйрем кенті әкімі аппаратының «Жәйрем Болашақ» КМК қарызды сот тәртібімен өндіріп алу жұмысын жүргізуде. Бүгінгі таңда 4 780,5 мың теңге мөлшеріндегі қарызды өндіріп алу мақсатында 76 талап арыз сотқа берілді.
2021 жылдың 1 қарашасынан бастап жылу берумен «Жәйрем ЖЫЛУ» ЖК айналысуда.
Жылу қазандығының істен шыққан жабдықтарын жаңалау мақсатында жергілікті бюджеттен тамыз айында қажетті қаражат бөлінді. Мердігер – «Қайсар» ЖК. Жабдықтарды орнату жұмыстары толық жүргізілді.
Меморандум аясында, 7 көпқабатты тұрғын үйдің жертөлелерін жөндеу жұмыстарына, сонымен қатар материалдар сатып алуға қаражат бөлініп, жұмыстар жүргізілді.
Сонымен қатар, Меморандум аясында көпқабатты тұрғын үйлерді жылумен қамту үшін көмір отынын сатып алуға жыл сайын қаражат бөлініп отырады, көмір отыны «Жәйрем кен байыту комбинаты» АҚ аумағынан жылу қазандықтарына үзіліссіз тасымалданып отыр.
2022 жылы 7 орамға (7-орам, Сейфуллина, Асатова) жаңа модульдік қазандық салынуы жоспарлануда.
Аталған жобаны жүзеге асыруға қалалық бюджеттен 186 млн.теңге қарастырылған. Бұл жоба моралді тұрғыда ескірген 3 қазандықты (1 локалды және 2 АЖЖ) бір жаңа модульдік қазандыққа біріктіруге мүмкіндік бере отырып, бірқатар мәселелердің шешілуін көздейді:
1) Бюджет қаражатын үнемдеуді (қазандықтар бойынша қатты отынды тасымалдауға ЖММ үнемделеді: 3 қазандықтың орнына бір қазандыққа тасымалданатын болады; қазандық қондырғылары машинистерінің бірліктерін қысқарту: 20 машинистың орнына 12 машинист жұмыс атқаратын болады);
2) Қазандық қондырғылары машинистерінің еңбек жағдайларын жақсартуды;
3) Кенттегі экологиялық жағдайды жақсартуды көздейді.