Дүниежүзілік сайлау күні туралы
Облыстық сайлау комиссиясының бастамасы бойынша 2022 жылдың 4 ақпанында Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі мен сайлау құқығын насихаттауға бағытталған «Қазақстан Республикасының сайлау жүйесінің дамуы " тақырыбында « Дүниежүзілік сайлау күні" облыстық акциясы басталды.
Акция мақсаты сайлау жүйесінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері туралы қоғамды ақпараттандыру және сайлаушылардың электоралдық белсенділігін қалыптастыру, жас сайлаушылардың адалдығын, демократиялық құндылықтарын арттыру.
Қаражал қалалық сайлау комиссиясы Дүниежүзілік сайлау күні аясында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырды. Тау-кен техникалық колледжінің студенттерімен " Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі" тақырыбында кездесу, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларымен "Мектеп Президентінің сайлауы" әңгіме-сұхбаты, "Сенің сайлау құқығың" тақырыптық сынып сағаты өтті. Жас сайлаушыларға сайлау құқығы және процесі сұрақтары бойынша ақыл-кеңес берілді.