Меню

Страницы

Статья

Жас мамандардың сайлауға қатысуы туралы сұхбаты

Жас мамандардың сайлауға қатысуы туралы сұхбаты

«Сайлауға қатысу маңызды ма?» деген сұраққа бірден «Әрине!» деп жауап бергім келеді. Себебі, тәуелсіз қазақ елінің байрағы биікте желбіреп, шаңырағына ырыс-құт қонсын деген азаматтардың барлығы үшін сайлау өте маңызды, тарихи сәт деп ойлаймын.

 

Әсіресе, жастар үшін, қазақ елінің жас буыны үшін сайлауға қатысу өте маңызды деп білемін. Сай­лау - жастарға жан-жақты дамуы мен өз білім­дерін елдің баян­ды болашағы үшін жұмсауға мүм­кіндік ашатын жаңа кезең деген ойдамын. Елімізде өтетін әр сайлау – біздің болаша­ғы­мыз!

 

Сайлауға барудың тағы бір себебі - азаматтық ұстанымының көрінісі. Өйткені болашақ әрқайсымыздың іс-әрекетімізге байланысты. Белсенді азаматтық ұстаным қоғамдық өмірге қатысуды, құқықтарды іске асыруға ұмтылуды, өзінің саяси мәдениетін арттыруды білдіреді. Азаматтық ұстанымды көрсете отырып, біз жақындарымызға, туыстарымызға және достарымызға үлгі боламыз.

 

Құрметті жастар! Сайлауга қатысу - әрбір азаматтың борышы. Бәрі­міз ынтымақта болып, белсен­ділі­гімізді көрсетіп, еліміздің гүл­денуіне, кемелденуіне, мем­ле­кеті­міздің мызғымас іргетасын қалау­ғ­а өз үлесімізді қосайық!

 

Сатанова Назгүл

Қаражал қаласы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы

Дата публикации
03 февраля 2022
Дата обновления
03 февраля 2022
Тип
Сұхбат

Сейчас читают

13 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы