29 қаңтар күні, Қаражал қалалық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен, Қаражал қаласының жас сайлаушылар клубы мүшелерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында клуб мүшелеріне Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы заңнан мысалдар келтіріліп, Тәуелсіз Қазақстаннын жас сайлаушылары белсенді болулары туралы, ел болашағы - әр сайлаушының таңдауында.
Қалалық сайлау комиссиясының төрағасы түсіндірме жұмыстарын жүргізгеннен кейін. Екі командаға бөлінген жай сайлаушылар арасында пікірсайыс өткізілді.
“Дауыс” және “Сайлау” топтары қойылған тапсырмалар мен сұрақтарға жауап беру арқылы ұпайларын еселеді.
Пікірсайыс нәтижесі бойынша екі топ белсенді болғандықтан, топтарға тең деген баға берілді.
Кездесу аяғында Қаражал АСК төрағасы жас сайлаушылар клубының мүшелерін 5 ақпанда атап өтілетін, Дүниежүзілік сайлау күнімен құттықтады.
https://www.facebook.com/share/r/1MeUjCzgfi/?mibextid=wwXIfr фейсбук
https://www.instagram.com/reel/DUGDfq7DPd8/?igsh=c2l3dWg5NGg2Y3g= инстаграм