2024ж. 19 қыркүйек күні әдеп жөніндегі уәкіл Д.Оспанбекова Қаражал қаласының мемлекеттік қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу форматы тек этикалық нормаларды сақтауға ғана емес, сонымен қатар сенім мен өзара көмекке негізделген позитивті жұмыс атмосферасын қалыптастыруға бағытталған. Этикалық нормаларды сақтаудың маңыздылығын түсіну командалық рухты нығайтуға, жұмыс тиімділігін арттыруға, сондай-ақ ұйымымыздың имиджін азаматтар көзінде жақсартуға септігін тигізеді.
Этикалық кодекс бойынша тұрақты түрде түсіндірме іс-шаралары өткізілетін болады, өйткені осы нормаларды сақтау әрбір қызметкердің сәтті және жауапты жұмыс істеп, нәтижеге жетуінің кепілі болып табылады.