2024ж. 26-шілдесі күні қызметкерлердің хабардарлығын арттыру мақсатында этикалық кодекс нормалары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – ұйымдағы кәсіби мінез-құлықты реттейтін принциптер мен ережелер туралы қызметкерлерді ақпараттандыру.
Кездесулер барысында этикалық кодекстің негізгі ережелері, соның ішінде құрмет, адалдық, жауапкершілік және ашықтық сияқты аспектілер талқыланды. Іс-шараларға қатысушыларға сұрақтар қою және күнделікті қызметте туындайтын жағдайларды талқылау мүмкіндігі берілді, сонымен қатар, этикалық нормаларды сақтай отырып, оларды ең жақсы жолмен шешу жолдары қарастырылды.