Өңір халқын бұқаралық спортқа тарту мақсатында жыл сайын күнтізбелік жоспарға сәйкес спорттың 15 түрі бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізіледі, оның ішінде баскетбол, футбол, бокс, дзюдо, үстел теннисі, шаңғы спорты, шайбалы хоккей сияқты Олимпиада ойындарының бағдарламасына енген 7 түрі және Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілмеген 8 түрі атап айтқанда, білім беру мекемелері, өндірістік ұжымдар, бюджеттік ұйымдар мен мемлекеттік мекемелер ұжымдары арасында шахмат, дойбы, армрестлинг, стритворкаут, тоғызқұмалақ, қазақ күресі және асық ату.
2022 жылы дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту 30,2% – ды құрайды , 2023 жылы-32% - ға өсу спорт алаңдарын салу және спорттық бұқаралық іс-шараларды өткізу есебінен жүріп жатыр.
Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде, дене шынықтыру спорт клубтарында дене шынықтырумен және спортпен айналысатын 7 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді қамту балалар мен жасөспірімдердің жалпы санының 14,8%-ын құрайды, біз бұл жоспарды да орындаймыз.
2023 жылы 006 бағдарлама бойынша (жергілікті деңгейде жарыс өткізу) 34 436 000тг бөлінді, оның ішінде 4905000тг спорт мектебінде спортзалды жалға алу және 2023 жылда Қаражал қаласының 60 жылдық мерейтойына 15 000 000 тг. Жергілікті деңгейдегі 62спорттық – бұқаралық іс-шара өткізілді.
2023 жылы 015 бағдарлама бойынша (облыстық деңгейдегі жарыстарға құрама командалардың қатысуы) 8861000тг бөлінді және 2023 жылда 015 бағдарлама бойынша біздің спортшылар облыстық деңгейдегі 32 спорттық – бұқаралық іс-шараға қатысты:
2023 жылдың 26 тамызда Қаражал қаласында Қаражал қаласының 60 жылдық мерейтойы өтті, онда көкпар, Қазақ күресі, Аламан бәйге, Тай жарыс, Құнан жарыс, арқан тарту және т.б. ұлттық спорт түрлері бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралар өтті.Барлық жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен (машиналармен), ақшалай сертификаттармен, кубоктармен, медальдармен және дипломдармен марапатталды. Жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен командалар қатысты. Өткізуге жұмсалған сома-14504 мың теңге.
Қаражал қаласында мәдени-демалыс орталығында балаларға арналған бокс секциясы жұмыс істейді, Жәйрем кентінде Қаражал қаласының ЖМЖМББ базасында балаларға арналған футбол секциясының филиалы ашылды. Осы секциялардың арқасында біздің балалар облыстық және республикалық жарыстарда жүлделі орындарға ие бола бастады.
Қаражал қаласында "Қаражал" шағын футбол командасы құрылды, оның құрамына Қаражал-Жәйрем аймағынан 20 ойыншы кіреді. "Қаражал" ХФК 2021-2022 жылғы маусымның қорытындысы бойынша Қарағанды қаласының футбол әуесқойлары "В" Лигасында екінші орынға ие болып, "А"Лигасына жолдама жеңіп алды. "Қаражал" ХФК Жәйрем кентінде Металлургтер күніне арналған шағын футболдан турнирде жеңіске жетті, сондай-ақ Тугискен кентінде турнир чемпионы атанды.
2022 жылы алғаш рет республика күніне арналған бокстан жасөспірімдер арасында облыстық турнир өткізілді.
Қаражал қаласында дене шынықтыру және спортпен шұғылдану, белсенді демалыс үшін спорттық инфрақұрылымды дамытуға үлкен үлес қосылуда. Қаражал қаласында және Жәйрем кентінде алғаш рет теннис корты орнатылды, онда ересектер арасында үлкен теннистен төрт турнир өтті. Жеңімпаздар кубоктармен, грамоталармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.
Қаражал қаласында 2023 жылы жергілікті бюджеттен Тойымбеков көшесі, Әйтеке би көшесі, 25 квартал 4 үй және 22 үй, 24 квартал 16 үй, ш/а «Северный ауыл» 6 спорттық ойын алаңын орнатуға қаражат бөлінді.. Шарт сомасы-38 852 678,57 тг.
2022 жылы Қаражал қаласында жүзу бассейнін салу және стадионды қайта жаңарту жұмыстары басталды, қазіргі уақытта жұмыстар жалғасуда.
. Қаражал қаласындағы Битабара көшесі 6А орналасқан "Горняк" стадионын қайта жаңарту " бойынша Мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша инжинирингтік қызметтерді ескере отырып құрылыс құны 341,4 млн. теңгені құрайды, оның ішінде жылдар бойынша:
2021 ж. - 104,3 млн. теңге;
2022 ж. - 25,9 млн. теңге;
2023 ж. - 211,2 млн. теңге
Қаржыландыру көзі - қалалық бюджет.
Жұмыстарды аяқтау 2023 жылдың қараша айында жоспарланған.
Бүгінгі күні объектіде әкімшілік ғимарат бойынша жұмыстар ішінара орындалды; жүгіру жолын орнату; жасанды жабыны бар футбол алаңы; нөсер кәрізі мен теннис кортын орнату бойынша жұмыстар басталды; көрермендер трибунасын орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.
"Қаражал қаласында жабық жүзу бассейнінің құрылысы" бойынша "Балқаш жібек жолы" ЖШС мердігерлік ұйымы, сараптамаға сәйкес жобаның құны - 769,22 млн.теңге.
Мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша инжинирингтік қызметтерді ескере отырып құрылыс құны - 730,1 млн. теңге (шарттық), оның ішінде жылдар бойынша:
2022 ж. - 163,4 млн. теңге;
2023 ж. - 487,6 млн. теңге.
2023 ж. - 79,1 млн. теңге.
Қаржыландыру көзі - қалалық бюджет.
2023 жылы құрылыс құнының қымбаттауы бойынша сметалық құжаттамаға түзету жүргізілді (27.06.2023 ж. № TUR-00011/23).
Жобаның қымбаттауы (шарттық құны бойынша) 239,54 млн.теңгені құрады.
Бассейн ішін орнату жұмыстары жүргізілуде; модульдік қазандықты орнату аяқталды.
2023 жылы барлық спорттық жабдықтарды (костюмдер, доптар, спорттық формалар, кимоно және т.б.) сатып алу жоспарлануда.
Проблемалық мәселелер: