Қаражал қаласының мәдениет нысандарының желісі 7 нысанды құрайды, оның ішінде: 5 кітапхана, 2 мәдени – демалыс орталығы.
2023 жылы Қаражал қаласындағы мәдени ошақтарда жалпы саны 111 іс-шара ұйымдастырылды, келушілер саны – 55808.
2023 жылы келесідей ірі конкурстар мен фестивальдар өткізілді:
1. «Жәйрем жұлдызы-2023» байқауы;
2. ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Халық әртісі, талантты әнші
М. Ержановтың 122 жылдығы аясында дәстүрлі әншілердің I Республикалық байқауы;
4. «Мисс милашка-2023» аймақтық байқауы;
5. «Ару ғұмыр» байқауы;
6. «Қызғалдақ көктем» фестивалі;
7. «Дәл-дәл» байқауы ;
8. «Би әлемі-2023» байқауы;
9. «Жас талант-2023»;
10. «Ұлы дала өнері» облыстық байқауы
11. «Келешегі кемел – кенді өлке» халықаралық ақындар айтысы.
Биыл мәдениет саласында жақсы көрсеткіштер бар. Мәселен, «Әжелер» ансамблі «Өнерлі елдің – өресі биік» халықаралық байқауында бас жүлдеге ие болды. Ал «Нұрби» ансамблі балаларды қорғау күні аясында өткен облыстық "Еркетай" байқауында бас жүлдені иеленді.
Мәдениет қызметкері үшін облыс әкімінің Құрмет грамотасымен Қаражал қаласының мәдениет-сауық орталығының директоры Азамат Қадірсізов пен хореограф Татьяна Новоковская марапатталды, облыс әкімінің атынан Жәйрем кентінің мәдени-демалыс орталығының қызметкерлері Бағлан Болатова мен Нұрлан Еламанов алғыс хаттар алды.
Жәйрем кентінің мәдени-сауық орталығы облыстық «Ұлы дала өнері» байқауынан І орынды және 800.000 теңгелік ақшалай сертификатты иеленсе «Өнер патшалығы» фестиваль конкурсынан Бас жүлдені иеленіп «Ең үздік мәдени-сауық орталығы» номинациясы және 1.000000 млн теңге көлеміндегі ақшалай сертификатпен марапатталды. Сонымен қатар Жәйрем кенті мәдени-сауық орталығының көркемдік жетекшісі Бағлан Нұрқожа 100.000 теңгелік қаржылай сыйлықпен марапатталды.