Қаражал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің 2022 жылдың есебі және 2023 жылға міндеттер
2022 жылы бөліммен 961 мемлекеттіқ қызмет көрсетілді. (2021 жылы – 652 қызмет.)
Жалпы халықты әлеуметтік қорғауға және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыруға арналған шығыстар 2022 жылы 142301,0 мың.теңге бөлінді оның ішінде 142301,0 мың.теңге игерілді қайда бару керек.
2022 жылдың есепті кезеңінде Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша 976 адам өтініш білдірді,(2021-ж.- 963 адам). 855 азаматқа жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары көрсетілді. 737 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: тұрақты жұмысқа 327 адам, 410 адам уақытша жұмыс орындарына жолданды (ӘЖО-17, ЖТ-26, ҚЖ-350, КЖ-4, АЖО-12, ҰКШ-1). Өтініш білдірушілердің санынан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үлесі 75,0 % құрайды, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 89 % құрады, техникалық білімі бар адамдардың болмауына байланысты.
Анықтама:
2022 жылдың есептік кезеңінде 29 жасқа дейін 455 адам жүгінді, барлығы 364 жастар жұмысқа орналастырылды, тұрақты жұмыс орындарына 166 адам, оның ішінде «Алғашқы жұмыс орыны» жобасы бойынша 12 жастар жұмысқа орналасты, Ұрпақтар келісім шарты -1, уақытша жұмыс орындарға 198 адам жіберілді, жобалар бойынша: әлеуметтік жұмыс орындары 9, қоғамдық жұмыстарға-162, жастар практикасына 26.
Еңбек нарығының қажеттілігін қамтамасыз ету үшін 2022 жылдың басынан бастап жұмыс берушілердің өтінімі бойынша қысқа мерзімді курстарда – 10 адам (есепші-кассир-4 , қазандық машинисі-6) оқытылды. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 2322,0 мың теңге бөлінді.
Өңірде жыл сайын жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылады. Жылдық жоспар бойынша 10 әлеуметтік жұмыс орының құру көзделген, есепті кезенде 17 әлеуметтік жұмыс орыны құрылды, 4900,0 мың теңгеге жалақысы субсидияланды ( былтырғы жылы сәйкес кезенде 28 әлеуметтік жұмыс орыны құрылған болатын , сомасы 5900,0 мың теңге).
Аймақта жыл сайын жұмыссыз жастардың құқығын қорғау мақсатында жастарға алғашқы жұмыста тәжірибе беру үшін жоғарғы және арнайы орта оқу орындарының түлектеріне «жастар практикасы» ұйымдастырылады. Жастар практикасына жергілікті және республикалық бюджеттен 2022 жылға 26 адамға 16933,0 мың теңге қаражат қарастырылған. Жыл басынан жастар практикасына жоғарғы және орта оқу орындарының түлектерінің ішінен 26 адам жолданды ( былтырғы жылдың сәйкес кезенінде 31 жұмыссыз жастар жолданған болатын, сомасы 8435,0 мың тенге).
Аймақта жұмыспен қамтылмаған азаматтарды тұрақты жұмысқа орналастыру мүмкіншілігі болмағанда уақытша қоғамдық жұмыстарға жолданады.
Қоғамдық жұмыстарға 2022 жылдың есептік кезеңіне 350 адам жіберілді, бүгінгі күнге 74007,0 мың тенге қаражат игерілді. 2022 жылға бөлінген қаражат 77007,0 мың теңге, оның ішінде РБ - 9359,0, ЖБ - 15000,0 ҰФ-52648,0 мың теңге (2021 жылдың сәйкес кезененіде 318 адам қоғамдық жұмыстарға жолданған болатын, сомасы -43400,0 мың тенге).
31.12.2022 жылға тіркелген жұмыссыздар саны - 38 адамды құрайды (31.12.2021 жылға жұмыссыздар саны- 72 адам).
Статистикалық деректер бойынша жұмыссыздық деңгейі 3,6% құрайды, орташа облыстық көрсеткіштен төмен (4,5%).
Жұмысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алушылар саны 29 человек ( 2021 жылдың сәйкес кезеңіне әлеуметтік төлем алушылар саны 23 адам).
2022 жылы жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға - 40 адамға қайтарымсыз грант беру жоспарланған 36756,0 мың теңге қаражат бөлінді. Алайда 10 адамға 5 поток жойылуына байланысты гранттар берілмеді, қаражат толық көлемде бюджетке қайтарылды
Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шеңберінде қабылданған шаралар еңбек нарығына оң әсер етеді, ол бүгінде тұрақтылықпен сипатталады.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен жыл сайын "Еңбек жолы" республикалық өткізіледі.
Конкурсты өткізудің мақсаты қоғамда адал еңдек идеясын ілгерілету және жастардың еңбек құндылықтарын қабылдау болып табылады.
Облыстық деңгейде Қаражал қаласынан - «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша - Бекмаганбетовтар әулеті, «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша - Танауова Нургуль Бериковна жеңімпаз болып анықталып, республикалық деңгейде қатысуға шешім қабылданды.
Республикалық деңгейде біздің қаламыздан «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша - Бекмаганбетовтар әулеті жеңімпаз болып 3-ші орынды иеленді. Бекмаганбетовтар әулеті «Өркен-Атасу» Өкілдігінің «Өркен» ЖШС-нің еңбеккерлері. Бұл кәсіпорында әулеттің 3 ұрпағы жұмыс атқарды (қазіргі күні 14 адам), жиынтық жұмыс өтілдері 281 жыл. 2022 жылдың 6 қарашасында Астана қаласында байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Әлеуметтік саясат саласындағы стратегиялық міндеттердің бірі халықтың әлеуметтік осал топтарына әлеуметтік көмек көрсету болып табылады.
2022 жылдың қортындысы бойынша кедейшілік деңгейінен төмен аз қамтылған 125 адамнан тұратын 29 отбасы, (2021 жылға аз қамтылғандардың саны 29 отбасы, 125 адам).
2022 жылдың кедейшілік деңгейі 1,0 пайызды өткен жылдың деңгейінде (2021 жылы 1,0 пайызды құрады).
2022 жылдың қортындысы бойынша атаулы әлеуметтік көмекке 50 отбасы, ондағы 226 адамға бюджеттен 14933,8 мын. теңге қаражат төленді. (РБ -11596,0 мың.теңге, ЖБ- 3337,8 мың.теңге) (2021 жылы 239 адамға 15828,8 мың теңге бөлінген).
2022 жылдың бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі 40 балаға 2288,4 мың теңгеге, азық түлік себеттері және гигиеналық құралдарымен түрінде кепілдендірілген әлеуметтік топтамалармен қамтылды. (РБ -2288,4 мың.теңге, ЖБ- 0 мың.теңге) (2021 жылы 44 балаға 2499,0 мың теңге бөлінген).
Есепті кезенде тұрғын үй көмегі 53 отбасына 2598,0 мың теңгеге көрсетілді, былтырғы жылдың сәйкес кезенінде 51 отбасыға – 1849,1 мың теңге төленген.
2022 жылдың 16 мамырынан бастап Миграция қызметінен «Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттарды беру немесе ұзарту бойынша» мемлекеттік қызмет көрсету жұмысы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне берілді.
Есепті кезенде 116 еңбекші көшіп келушіден өтініш түскен, оның 55-не еңбек қызметін атқару үшін рұқсат берілді, 21-не рұқсаты ұзартылды, 40 келушіге рұқсат беруге бас тартылды (құжаттардың сәйкес келмеуі, миграцияның рұқсат бермеуі).
Мемлекеттік қызмет көрсетумен қатар мемлекеттік емес көздерден атаулы көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мерекелік күндерге тұрақты негізде қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру өткізіледі, оның барысында 415 аз қамтылған азаматтардың, мүгедектер мен жалғызбасты зейнеткерлердің көмегі 4150,0 мың теңгеге қамтылды. Аз қамтылған азаматтарға көмек көрсетуде негізгі рөлді өңірді ұйымдастырудағы кәсіпорындар атқарады.
Бүгінгі таңда мемлекет мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға, оңалту іс-шараларының көлемін ұлғайтуға, жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, мүгедектердің тұрмыстық, қоғамдық, кәсіби қызметіндегі қабілеттерін қалпына келтіруге көмектесетін мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жұмыс жүргізілуде.
2022 жылдың 6 айында Арнаулы әлеуметтік қызметтермен өңір бойынша 97 адам қамтылды, оның ішінде 82 жалғыз басты қарттар, оның ішінде 3 , 1 және 2 топтағы жалғыз басты мүгедектер, 6 тыл еңбеккерлері.
Тірек-қимыл аппараты бұзылған, психоневрологиялық паталогиясы бар 14 мүгедек бала мен 18 жастан асқан 1 мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының қорытындысы бойынша Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Бұл санатқа 19 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетеді. "Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ-де жартылай стационар жағдайында Қарқаралы қаласындағы мүгедектерді оңалту орталығына 3 мүгедектігі бар адам жолданды.
Өңір бойынша барлығы 455 мүгедектігі бар адамдар есепте тұр, оның ішінде 60 бала (2021 жылы 455 адам есепте тұрды).
Жыл басынан бері 141 дана көлемінде түрлі техникалық көмекші оңалту құралдарымен қамтамасыз етілді, оның ішінде 28 мүгедек адам санаторий-курорттық емдеумен қамтылды (өткен жылдың ұқсас кезеңінде 227 дана және 35 мүгедек адам санаторий-курорттық емдеумен қамтылды).
2021 жылдан бастап мүмкіндігі шектеулі адамдар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жеке қажеттіліктерді ескере отырып, оңалтудың техникалық құралдары мен әлеуметтік қызметтерді өз бетінше сатып ала алады.
2022 жылы өңір бойынша Арнаулы әлеуметтік қызметтермен 96 адам қамтылды, оның ішінде 81 жалғызбасты қарттар, оның ішінде 2 топтағы мүгедектігі бар 3 жалғызбасты адам, тыл еңбеккерлері - 5. Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының қорытындысы бойынша тірек-қимыл аппараты бұзылған, психоневрологиялық паталогиясы бар балаларға 14 мүгедек балаға және 18 жастан асқан 1 мүгедек адамға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Осы санатқа 18 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетеді. "Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында" ММ Қарқаралы қаласындағы мүгедектігі бар адамдарды оңалту орталығына жартылай стационар жағдайында жіберу үшін 4 адам жіберілді.
Қала бюджеті есебінен мерекелік күндерге біржолғы материалдық көмек көрсетілді, өңір бойынша 2022 жылы барлығы 20126,0 мың теңге сомасына 2288 адам қамтылды, 2021 жылы 16126,5 мың теңге сомасына 2015 адам қамтылды.
2023 жылға жоспар:
Жалпы 2023 жылға Халықты әлеуметтік қорғауға және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыруға 231965,0 мың теңге бөлінді (231344,0 - рб, ЖБ –621,0).
2023 жылы ағымдағы Бос орындар есебінен және жаңадан құрылған жұмыс орындарына 350 адамды тұрақты жұмыс орындарына орналастыру жоспарлануда, уақытша жұмыс орындарына 295 адамды, оның ішінде қоғамдық жұмыстарға-110124,0 мың теңге сомаға 186 адамды, (2022 жылы 74007,0 мың теңге сомаға 350 адам), әлеуметтік жұмыс орындарына - 20 адамды жіберу жоспарлануда 16560,0 мың теңге, жастар практикасына-31 адамға 38502,0 мың теңге, алғашқы жұмыс орны жоспар 18 адам 22356,0 мың теңге, Күміс жас жоспары 35 адам 22667,0 мың теңге.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға облыстық бюджеттен – 3860,0 мың теңге бөлінді. Жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша 10 адамды оқыту жоспарлап отырмыз.
Жаңа жобаларға жергілікті бюджеттен 1 адамға Ұрпақтар келісім шарт жобасына – 621,0 теңге бөлінді.
2023 жылға мемлекеттік гранттар беруге жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 400 АЕК - ке дейін-15 жобаға 20700,0 мың теңге қаражат бөлінді.
2023 жылға атаулы әлеуметтік көмек төлеуге жергілікті бюджеттен 326 алушыға 44430,0 мың теңге.
2023 жылға жергілікті бюджеттен 9393,0 мың теңге және бюджеттен 151 балаға МСК (кепілдендірілген әлеуметтік пакет) сатып алуға қарастырылған.
2023 жылға тұрғын үй көмегін төлеуге 100 отбасына 9000,0 мың теңге сомасында ақшалай қаражат бөлінді.
2023 жылға тұрғын үй сертификаттарын беруге 5 көп балалы отбасына "Бақытты отбасы" бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй сатып алу бойынша бастапқы жарнаны жабу үшін жергілікті бюджеттен 5000,0 мың теңге бөлінді.
"Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бағдарламасы бойынша 2023 жылы 2367 алушыға 36620,0 мың теңге мереке күндері мен атаулы күндерге біржолғы материалдық көмек төлеуге көзделген.
Мүгедек адамдарды оңалтудың әртүрлі техникалық көмекші құралдарымен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етуге 2023 жылға республикалық және жергілікті бюджет қаражатынан – 20603,0 мың теңге бөлінді.
Басшы А.Молдабаева