«Референдум учаскелік комиссияларының жұмыс тәртібі туралы»
Хабарлама
2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумды дайындау және өткізу мақсатында 23 ақпаннан бастап Қаражал қаласы бойынша 14 учаскелік референдум комиссиясы өз жұмысын бастады.
27 ақпаннан бастап референдумға қатысу құқығы бар азаматтар өздерінің тізімге енгізілгенін тиісті учаскеде тексере алады. Азаматтар тізімге тұрақты тіркелген мекенжайы бойынша енгізіледі.
Учаскелердің шекаралары, комиссиялардың құрамы және олардың орналасқан жерлері 2026 жылғы 21 ақпандағы № 7 (1295) «Қазыналы өңір» газетінде, сондай-ақ қала әкімдігінің ресми сайтындағы «Сайлау» бөлімінің «Референдум-2026» бөлімшесінде жарияланған.
Қаражал қалалық аумақтық референдум комиссиясы учаскелік комиссиялар үшін келесі жұмыс тәртібін белгіледі:
Дүйсенбі–жұма күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін (үзіліссіз);
Демалыс және мереке күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін (үзіліссіз).
ҚАРАЖАЛ ҚАЛАЛЫҚ АУМАҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫ