Дауыс беруді бастау мен аяқтаудың өзге уақытын белгілеу туралы Қаражал қалалық аумақтық референдум комиссиясының ШЕШІМІ

Республикалық референдум

2026 жылғы «15» наурыз

 

Дауыс беруді бастау мен аяқтаудың өзге уақытын белгілеу туралы 

Қаражал қалалық аумақтық референдум комиссиясының

ШЕШІМІ

 

«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-бабы, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 38-бабы 1-тармағының негізінде, Қаражал қаласы әкiмі учаскелiк референдум комиссияларының дауыс беру уақытын өзгерту туралы ұсынуы бойынша, Қаражал қалалық аумақтық референдум комиссиясы ШЕШТІ:

  1. Дауыс берудің басталуы мен аяқталуы (жергілікті уақыт) белгіленсін:

1 – Жәйрем кентінің «№30 жалпы білім беретін мектебі» КММ орналасқан № 70 референдум учаскесінде 06.00 сағаттан 20.00 сағатқа дейін;

2 – Жәйрем кентінің «Мәдени-демалыс орталығы» КМҚК орналасқан № 71 референдум учаскесінде

06.00 сағаттан 20.00 сағатқа дейін;

3 – Жәйрем кентінің «Балдырған» бөбекжайы КМҚК орналасқан № 72 референдум учаскесінде

06.00 сағаттан 20.00 сағатқа дейін;

4 – Жәйрем кентінің «№10 жалпы білім беретін мектебі» КММ орналасқан № 73 референдум учаскесінде

06.00 сағаттан 20.00 сағатқа дейін;

5 – Жәйрем кентінің «№11 жалпы білім беретін мектебі» КММ орналасқан № 74 референдум учаскесінде

06.00 сағаттан 20.00 сағатқа дейін;

6 – Жәйрем кентінің «№10 жалпы білім беретін мектебі» КММ орналасқан № 75 референдум учаскесінде

06.00 сағаттан 20.00 сағатқа дейін:

  1. Дауыс беруді бастау мен аяқтау уақытының өзгергені туралы дауыс берушілердін назарына жеткізілсін.
  2. Осы шешімнің көшірмесі Ұлытау облыстық аумақтық референдум комиссиясына жіберілсін.

 

Қаражал қаласы аумақтық

референдум комиссиясының төрағасы                           Е. Нүркен

                                                   МО    

Қаражал қаласы аумақтық

референдум комиссиясының хатшысы                           С. Ким

 

 

2026 жылғы 27 ақпан

№5 шешімі

 

 

Дата публикации
27 февраля 2026