Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қолдау және қамтамасыз ету шаралары.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанындағы мүгедек адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобы отырысының 2025 жылғы 22 қазандағы №2 хаттамасын іске асыру мақсатында Қаражал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы, ЖАО өкілдері және өңірдегі мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың өкілдерімен отырыс өткізді. Отырыста, «Жұмыс тобы» отырысының хаттамасын іске асыру келісімі бойынша «іс-шаралар жоспары» бекітілді және одан әрі жұмыс жөніндегі бағыт таңдалды. Бүгінгі таңда Қаражал қалалық АСК - ның барлық 7 мүшесі мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен қажеттіліктерін қамтамасыз ету бойынша оқыту бейне курстарын тыңдап, оқыту бейне курстарының қорытындысы бойынша тестілеуден өтті, одан әрі жұмыс істеу үшін тиісті сертификаттар алды.
2026 жылы 133 адамнан тұратын 11 округтік және 14 учаскелік сайлау комиссияларының барлық мүшелерін оқыту жоспарланған. Бейнекурстың материалдары Қаражал қалалық аумақтық сайлау комиссиясының әлеуметтік желісінде, Қаражал қаласы әкімдігінің сайты интернет-ресурсының «Сайлау» және «Баспасөз – орталығы» бөлімдерінде орналастырылған.
Ұлытау облысының аумақтық сайлау комиссиясына психоәлеуметтік және зияткерлік мүгедектігі бар адамдар үшін сайлау процесіне тең қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін бейімделген ақпараттық материалдарды әзірлеу және енгізу жөнінде ұсыныстар енгізілді. Қаражал қалалық АСК жұмыс тобының құрамы бекітілді, оған комиссия мүшелерінен басқа әкімдік, «Қаражал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ өкілдері және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кірді.
2025 жылғы 15 желтоқсанда Қаражал қалалық АСК және жұмыс тобының бастамасымен Қаражал қаласының жұмыспен қамту бөлімінің ғимаратында, Қаражал қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы – А. Молдабаеваның төрағалығымен, ғимараттар, мекемелер балансында дауыс беруге арналған үй-жайлар орналасқан және басқа да мүдделі тұлғалар, сайлау учаскелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ететін ұйымдар бар мемлекеттік мекемелердің өкілдерімен жиналыс өтті. Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары жайлы Қаражал қалалық АСК төрағасының орынбасары М. Сыздықов жиында қатысушыларды сайлау комиссиялары мен ЖАО-ның сайлаушылардың сайлау кезеңінде мүгедектігі бар дауыс беруі үшін жағдай жасау жөніндегі бірлескен жұмысы туралы егжей-тегжейлі хабардар етті, сондай-ақ келешекке арналған іс-шаралар жоспарымен таныстырды. Сондай-ақ, АСК орынбасары қатысушыларды мүгедектігі бар адамдардың дауыс беруін ұйымдастырудағы инновациялық тәсілдер туралы хабардар етті. Осы бағыт бойынша одан әрі жұмыс «ҚР ОСК мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы келісімнің жол картасы» іс-шараларын орындау үшін күн тәртібінде болады.
ҚАРАЖАЛ ҚАЛАЛЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ