2025 жылғы 26 қазанда өткен
Қаражал қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына
сайлау қорытындылары туралы
ХАБАРЛАМА
2025 жылғы 26 қазанда №6 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Қаражал қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті.
Сайлаушылар тізіміне 887 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 558 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 2 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
Сайлауға қатысқан саяси партиялардың саны - 1.
№6 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қаражал қалалық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Балдырган Бимаганбетовна Калмагамбетова үшін сайлаушылардың 42 дауысы берілді,
Жалгаскан Ахатұлы Курмансейтов үшін сайлаушылардың 338 дауысы берілді,
Әбдіғазы Нығманұлы Рақым үшін сайлаушылардың 127 дауысы берілді,
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 51.
Сайлау қорытындысымен №6 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қаражал қалалық мәслихаттың депутаты болып сайланды:
– Курмансейтов Жалгаскан Ахатович, 1985 жылы туған, «Қазыналы өңір» газет редакциясы ЖШС директоры, Қаражал қаласының тұрғыны.
Ұлытау облысы Қаражал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы