Қаражал қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына 2025 жылғы 26 қазанға тағайындалған сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары

 

Ұлытау облысы Қаражал қалалық

аумақтық сайлау комиссиясының

2025 жылғы «27» тамыз

№ 7 қаулысына қосымша

 

Қаражал қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына

2025 жылғы 26 қазанға тағайындалған сайлауды

әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

Күнтізбелік жоспары

 

 

1. Сайлау округінің тізімін, оның шекарасы мен аумақтық, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, «Қазыналы өңір» газетінде және Қаражал қалалық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялау

 

Қаражал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей

2025 жылғы 6 қыркүйек кешіктірмей

(14-б. 6-тт., 22-б.)

2. Аумақтық, округтік сайлау комиссияларының құрамдарын «Қазыналы өңір» газетінде және Қаражал қалалық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялау

 

Қаражал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей

2025 жылғы 6 қыркүйек кешіктірмей

 (13-б. 4-т., 15-1-б. 3-т.)

3. Сайлау учаскесі шекарасы туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Қаражал қаласының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде

2025 жылғы 11 қыркүйек кешіктірмей

                                                                                  (23-б. 5-т.)

4. Учаскелік сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Қаражал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде

2025 жылғы 11 қыркүйек кешіктірмей

 

 (17-б. 2-т.)

5. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қаражал қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тиісті округтік сайлау комиссиясына заңнамада көзделген құжаттарды ұсыну

 

 

 

Саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, сонымен қатар олардың құрылымдық бөлімшелері (филиалдары және өкілдіктері) және азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен

27 тамызда басталып, 2025 жылдың 25 қыркүйегінде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

 (103-б.)

6. Қаражал қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттардың оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу

 

Округтік сайлау комиссиясы

Көзделген құжаттарды ұсынғаннан кейін

(102-б., 103-б. 6-т.)

7. Тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кірістер органдарына

активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсыну 2025 жылғы 1 тамызға

 

Кандидат және оның зайыбы (жұбайы)

Тіркелгенге дейін

(104-б. 2-т.)

8. Қаражал қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу

 

Округтік сайлау комиссиясы

27 тамыздан басталып, 2025 жылдың 30 қыркүйегінде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

 (104-б)

9. Кандидаттарды тіркеу туралы хаттаманы Қаражал қаласының аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну

 

Округтік сайлау комиссиясы

Тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде

 (104-б. 5-т.)

10. Қаражал қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Округтік сайлау комиссиясы

Тіркелгеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей

 

 (104-б. 6-1-т. 1-тт., 16-1 б. 6-тт.)

11. Кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу

 

Округтік сайлау комиссиясы

Сенім білдірілген адамдардың тізімі тіркеуге ұсынылғаннан кейін

(14-б. 8-т., 16-1-б, 6-тт., 31-б.)

12. Кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) декларацияда көрсеткен активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде

                                                                               (104-б. 2-т.)

13. Кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу

 

Округтік сайлау комиссиясы

Кандидат тіркелгеннен кейін 

                                                                               (34-б. 6-т.)

14. Бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттардың арнаулы шоттарына қаражаттың түсуі және олардың жұмсалуы туралы есептерді жариялау                              

 

Округтік сайлау комиссиясы

Айына екі рет

15. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды айқындау, оларды жарақтандыру және ақпараттандыру

 

Қаражал қаласының әкімі

Қаражал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін,

2025 жылғы 30 қыркүйекке дейін

(28-б. 6-т.)

16. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады

2025 жылдың 30 қыркүйегінде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады

және 2025 жылдың 25 қазан жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

 

 (27-б. 2-т.)

17. Кандидаттарға (жүгінген кезде) сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және бөлінген үй-жайларда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Қаражал қалалық әкімдігі

Қаражал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б. 4-т.)

18. Сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну

 

Қаражал қаласы әкімі

Дауыс беру басталғанға дейін жиырма күн бұрын

2025 жылғы 5 қазан

 (26-1 б. 1-т.)

19. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскесі бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

2025 жылғы 10 қазаннан бастап

                                                                        (26-б. 1-т.)

20. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету                                                                            

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2025 жылғы 15 қазанаға дейін

   (18-б. 5-тт., 38-б. 2-т.)

21. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссиясына жеткізу                          

 

Қаражал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Үш күннен ерте емес және сайлауға дейінгі бір күннен кешіктірмей

2025 жылғы 23 қазаннан ерте емес және 25 қазанға дейін

 (37-б. 3-т.)

22. Дауыс беруге арналған сайлау учаскесін ашу және тиісті хаттама жасау           

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс беру басталғанға дейін бір сағат бұрын

2025 жылғы 26 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-де

(40-б. 1-т.)

23. Дауыс беруді өткізу                                              

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Сайлау күні, 2025 жылғы 26 қазан, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

24. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде тиісті мәслихаттардың депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау                                   

 

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Сайлау күні, 2025 жылғы 26 қазан,

жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады

(18-б. 8-тт., 43-б.)

25. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

                                                                           (43-б. 8-т.)

26. Сайлау учаскісінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті округтік сайлау комиссиясына ұсыну    

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

 

(108-б. 1-т.)

27. Округ бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну

 

Округтік сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

 (108-б. 1-т.)

28. Мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындыларын анықтау

 

Қаражал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап екі күн мерзімнен кешіктірмей

2025 жылғы 27 қазаннан кешіктірмей

(14-б. 9-тт., 44-б. 2- т., 108-б. 2-т.)

29. Қаражал қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Қаражал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2025 жылғы 1 қарашадан кешіктірмей

 (14-б. 9-тт., 44-б. 4-т. 2-тт.)

30. Сайланған депутатты тіркеу және куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсыру                                          

 

Қаражал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

(14-б. 9-тт., 46-б. 3-т., 1-тт., 112-б. 1-т.)

31. Сайлау қорына түскен ақшаның жалпы сомасы, оның көздері мен сайлау алдындағы үгітке жұмсалған шығыстары туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Қаражал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн бес күн ішінде

                                                                             (34-б. 4-т.)

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының, Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидаларының (ҚР ОСК 1999 жылғы 7 тамыздағы №19/222 қаулысы) нормаларына сілтемелер берілді.

Дата публикации
27 августа 2025