№ 6 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қаражал қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес Қаражал қалалылық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. № 6 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қаражал қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау 2025 жылғы 26 қазанға тағайындалсын.
  2. Кандидаттарды ұсыну мерзімі 2025 жылғы 27 тамыздан 25 қыркүйегіне дейін, кандидаттарды тіркеу мерзімі 30 қыркүйегіне дейін белгіленсін.
  3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2025 жылғы 26 қазанға тағайындалған, Қаражал қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  4. Осы қаулы «Қазыналы өңір» аймақтық газетінде және Қаражал қаласының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырсын.

 

 

Төраға                                                                 Е. Нүркен

 

 

Хатшы                                                                 С. Ким

 

 

 

 

27.08.2025 ж

№7

Дата публикации
27 августа 2025