ҚАРАЖАЛ ҚАЛАЛЫҚ
АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ
Ұлытау облысы Қаражал қаласы
Жәйрем кентіне сайланған әкімін тіркеу туралы
ХАБАРЛАМА
27 маусым 2025 жыл
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9)тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабына сәйкес 2025 жылғы 22 маусымда өткен Қаражал қаласының Жәйрем кенті әкімін сайлау қорытындылары туралы Қаражал қалалық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 27 маусымдағы №19 шешімінің негізінде:
Жәйрем кенті әкімінің сайлауы бойынша:
Жансагимов Қайрат Амангелдіұлы – 1973 жылы дүниеге келген, «Жәйрем кенті әкімінің аппараты» ММ әкімі, Жәйрем кентінің тұрғыны, «AMANAT партиясы» қоғамдық бірлестігімен ұсынылған, Жәйрем кентінің әкімі болып тіркелді.
ҚАРАЖАЛ ҚАЛАЛЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ