Қаражал қалалық аумақтық сайлау комиссиясының Ұлытау облысы Қаражал қаласы, Жәйрем кенті әкімін сайлау қорытындысы туралы хабарламасы

 ҚАРАЖАЛ ҚАЛАЛЫҚ

АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ

Ұлытау облысы Қаражал қаласы, Жәйрем кенті

әкімін сайлау қорытындысы туралы

ХАБАРЛАМАСЫ

 

         2025 жылғы  22 маусымда Ұлытау облысы Қаражал қаласы, Жәйрем кенті әкімінің  сайлауы өтті.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес  учаскелік сайлау комиссияларының Жәйрем кенті әкімі сайлауының нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде Қаражал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы сайлаудың қорытындысын шығарды:

 

Жәйрем кенті әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне – 5324 азамат енгізілді, олардың 3233 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 14, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны – 46.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         Жансагимов Қайрат Амангелдіұлы – 2599; Иманбекова Ақмарал Елібайқызы – 408; Такибаев Еркін Шәкірұлы – 166;

 

Жансагимов Қайрат Амангелдіұлы – 1973 жылы дүниеге келген, «Жәйрем кенті әкімінің аппараты» ММ кент әкімі, Жәйрем кентінің тұрғыны, «AMANAT партиясы» қоғамдық бірлестігімен ұсынылған, Жәйрем кенті әкімі болып сайланды.

 

ҚАРАЖАЛ ҚАЛАЛЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ

Дата публикации
23 июня 2025