2025 жылғы 1 маусым сағат 18.00-дегі жағдай бойынша
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 – бабының 9-тармағына сәйкес Қаражал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы хабарлайды.
Жәйрем кенті әкіміне барлығы 3 кандидат ұсынылды. Ағымдағы жылдың 29 мамыр күнгі сағат 18.00-дегі жағдай бойынша 3 кандидат тіркелді. Оның ішінде саяси партиялардан – 1, өзін–өзі ұсыну тәртібімен – 2.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптары бойынша барлық кандидаттардың сәйкестігі анықталды.
Арнайы тексеруге және мемлекеттік кірістер органдарына тіркелген кандидаттардың құжаттары жолданды.
Барлық тіркелген кандидаттар куәліктерін алды. Ұсыну және тіркеу кезеңінде сайлау комиссиясына өтініштер түскен жоқ.
Ағымдағы жылдың 1 маусым сағат 18:00-ден бастап 20 маусымының сағат 24.00-ге дейін созылатын Қаражал қаласы Жәйрем кенті әкіміне тіркелген барлық кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт-насихатқа кірісуге құқығы бар.
|
№ р/н |
Тегі, аты, акесінің аты |
Туған жылы |
Лауазымы, жұмыс орны және тұрғылықты жері |
Кім ұсынды немесе өзін-өзі ұсыну тәртіпте |
|
1. |
Такибаев Еркин Шакирович |
1975 ж.т. |
«Қаражал қаласы әкімінің аппараты» ММ жұмылдыру дайындығы АҚ және ТЖ бөлімінің бас инспекторы. Қаражал қаласында тұрады |
өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған |
|
2. |
Иманбекова Акмарал Елибаевна |
1965 ж.т. |
Жәйрем кентінің «Мәдени-сауықтыру орталығы» КМҚК директоры. Қаражал қаласы Жәйрем кентінде тұрады |
өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған |
|
3. |
Жансагимов Кайрат Амангельдинович |
1973 ж.т. |
«Жәйрем кенті әкімінің аппараты» ММ Жәйрем кентінің әкімі. Қаражал қаласы Жәйрем кентінде тұрады |
«AMANAT» партиясы ҚБ ұсынған |
ҚАРАЖАЛ ҚАЛАЛЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ