Қаражал қаласы Жәйрем кентінің әкімі қызметіне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы хабарлама

Қаражал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 22 маусымға тағайындалған Ұлытау облысы Қаражал қаласы Жәйрем кенті әкімінің сайлауын тағайындау туралы Қаражал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 14 мамырдағы № 4 қаулысының негізінде хабарлайды:

2025 жылғы 27 мамыр сағат 18.00-де кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.

2025 жылғы 15 мамырдан 27 мамыр сағат 18:00-ге дейінгі кезеңде Жәйрем кентінің әкімі лауазымына 3 кандидат ұсынылды. Оның ішінде саяси партиялардан – 1, өзін – өзі ұсыну тәртібімен-2. Ұсынылған үміткерлердің арасында 2 ер адам және 1 әйел бар.

Үміткерлердің орташа жасы – 50 жас. Ең жас үміткер 50 жаста, үміткерлер арасында ең үлкен жас – 59 жаста.

Мамандықтар бойынша: 1 кандидат – тасымалдау және жол қозғалысын ұйымдастыру, 1 кандидат – мәдениеттану, 1 кандидат – экономист, мемлекеттік және жергілікті басқару.

Ұсынылған кандидаттардың ішінде: 2 – мемлекеттік қызметші.

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау және кандидаттардың сенімді тұлғаларын тіркеу бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Тіркеу 2025 жылдың 1 маусымында сағат 18-00-де аяқталады.

Кандидаттар шығып қалған және баламасы болмаған жағдайда (сайлау округінде екіден аз кандидат) ұсыну мерзімі заңнамаға сәйкес бес күннен аспайтын мерзімге ұзартылады.

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат БАҚ-та жарияланатын болады.

 

ҚАРАЖАЛ ҚАЛАЛЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ

Дата публикации
27 мая 2025