Ұлытау облысы Қаражал қаласы Жәйрем кенті әкімдікке кандидаттарды ұсыну туралы
ХАБАРЛАМА
2025 жылғы 14 мамырдағы № 4 қаулыға сәйкес Каражал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы «Ұлытау облысы Каражал қаласы Жайрем кенті әкімі сайлауын 2025 жылғы 22 маусымға тағайындау туралы» хабарлайды:
2025 жылдың 15 мамырынан 21 мамырына дейін Жайрем кенті әкіміне 2 кандидат ұсынылды. Оның ішінде саяси партиялардан – 0, өзін-өзі ұсыну тәртібімен – 2. Ұсынылған кандидаттардың 1-і ер, 1-і әйел.
Кандидаттардың орташа жасы 50 жасты құрайды. Ең жасы 50 жаста, ал үміткерлер арасында ең үлкен жастағысы – 59 жаста.
Мамандығы бойынша: 1 кандидат – тасымалдауды ұйымдастыру және жол қозғалысы, 1 кандидат – мәдениеттану.
Ұсынылған кандидаттар арасында: 1 – мемлекеттік қызметші.
Жайрем кенті әкіміне кандидаттардың құжаттарын қабылдау 27 мамырға дейін жалғасады және жергілікті уақытпен 18:00-де аяқталады, себебі сайлау туралы заңнамаға сәйкес сайлау комиссиялары мемлекеттік органдармен бірге кандидаттар ұсынған құжаттардың дұрыстығын тексеру жұмыстарын жалғастыруда
ҚАРАЖАЛ ҚАЛАЛЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ