|
2025 жылғы 14 мамырдағы №4 Қаражал қалалық аумақтық сайлау комиссиясының қаулысына қосымша |
2025 жылғы 22 маусымға тағайындалған
Ұлытау облысы Қаражал қаласы Жәйрем кенті әкімін
сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ
|
1. Қаражал қаласы Жәйрем кенті әкімінің (бұдан әрі – әкімін) сайлауын тағайындау |
|
|
Қаражал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы 14 мамыр 2025 жыл (113-1-б. 2, 3-т.) |
|
|
2. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен Қаражал қалалық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|
|
|
Қаражал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей – 2025 жылдың 24 мамырынан кешіктірілмей. (22-б.) |
|
3. Қаражал қалалық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Қаражал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей – 2025 жылдың 24 мамырынан кешіктірілмей. (13-б. 4-т.) |
|
4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Қаражал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей – 2025 жылдың 29 мамырынан кешіктірілмей. (17-б. 2-т.) |
|
5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Қаражал қаласының әкімі Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде – 2025 жылдың 29 мамырынан кешіктірілмей. (23-б. 5-т.) |
|
6. Әкім болуға кандидаттарды ұсыну |
|
|
|
Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады. Басталуы 15 мамыр 2025 жыл, аяқталуы – 27 мамыр 2025 жыл сағат 18:00 де. (113-3-б. 5-т.) |
|
7. Әкім болуға кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау |
|
|
|
Қаражал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы (4-б.4-т, 113-2.) |
|
8. Әкім болуға кандидаттарды сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Қаражал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Әкім болуға кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап (14-б. 2-1) т., 31-б.)
|
|
9. Әкім болуға кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинауға арналған қол қою парақтарын беру |
|
|
|
Қаражал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттың Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде (113-4-б.) |
|
10. Әкім болуға кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың растығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу |
|
|
|
Қаражал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып Қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде (113-4-б. 7-т.)
|
|
11. Жергілікті атқарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және 2025 жылғы 1 қаңтарда қолданыста болатын біржолғы ең төменгі жалақы мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу |
|
|
|
Әкім болуға кандидаттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 2-т.)
|
|
12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну (1 мамыр 2025 жыл) |
|
|
|
Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 3-т.) |
|
13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің растығын тексеру. |
|
|
|
Мемлекеттік кіріс органдары Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде (113-5-б. 4-т.)
|
|
14. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Қаражал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен 20 күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады. аяқталуы – 1 маусым 2025 жыл сағат 18:00 де. (113-5-б.)
|
|
15. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Қаражал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей (113-5-б. 9-т.)
|
|
16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру |
|
|
|
Жергiлiктi атқарушы органдар және Қаражал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Үгіт басталғанға дейін (28-б. 6-т.)
|
|
17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу |
|
|
|
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады Басталуы – 1 маусым 2025 жыл сағат 18:00, аяқталуы – 21 маусым 2025 жыл сағат 00:00 де. (27-б. 2-т.)
|
|
18. Әкім болуға кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Жергiлiктi атқарушы органдар және Қаражал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.)
|
|
19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну |
|
|
|
Қаражал қаласының әкімі Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын 2025 жылдың 02 маусымына дейін. (24-б. 5-т.) |
|
20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда 2025 жылдың 07 маусымынан. (26-б. 1-т.)
|
|
21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей 2025 жылдың 12 маусымына дейін. (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.) |
|
22. Жекелеген сайлау учаскелерінде дауыс беруді бастау мен аяқтаудың басқа уақытын белгілеу және бұл туралы шешімді сайлаушыларға жеткізу Сайлау күніне дейінгі он күннен кешіктірмей (38-б. 1-т., 3-т.)
|
|
|
23. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу |
|
|
|
Қаражал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлаудан ерте дегенде үш күн бұрын және кемінде бір күннен кешіктірмей 2025 жылдың 19 маусымнан 2025 жылдың 21 маусымға дейін. (37-б. 3-т.)
|
|
24. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда Жергілікті уақыт бойынша сағат 05:00-де 22 маусымда 2025 жылы. (40-б. 1-т.) |
|
25. Дауыс беруді өткізу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін (38-б. 1-т.) |
|
26. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады (18-б. 8) т., 43-б.) |
|
27. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпы жұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.) |
|
28. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аудандық (қалалық) аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (113-8-б. 1-т.) |
|
29. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу |
|
|
|
Қаражал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей 25-ші маусымнан кешіктірмей (113-10-б.) |
|
30. Әкімдерді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Қаражал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей, 2025 жылдың 28 маусымнан кешіктірмей. (44-б.) |
|
31. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Қаражал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін, 2025 жылдың 28 маусымнан кешіктірмей. (45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т) |