2025 жылғы 23 ақпанда өткізілген Қаражал қаласы Шалғы кенті әкімін сайлау қорытындысы туралы хабарлама

2025 жылғы 23 ақпанда өткізілген

Қаражал қаласы Шалғы кенті әкімін сайлау қорытындысы туралы

ХАБАРЛАМА

 

2025 жылғы 23 ақпанда Қаражал қаласы Шалғы кенті әкімінің сайлауы өткізілді. Қаражал қаласы Шалғы кенті әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы №76 учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде Қаражал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Қаражал қаласы Шалғы кенті әкімінің сайлау өтті деп танылғанын хабарлайды.   

Қаражал қаласы Шалғы кенті әкіміне 3 кандидат дауысқа түсті. Шалғы кенті бойынша сайлаушылар тізіміне 42 азамат енгізілген, сайлау бюллетеньдерін 23 адам немесе 54,76 пайызы алды, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша сайлаушылар дауыс берген жоқ, дауыс беру үй-жайынан тыс жерде 1 сайлаушы дауыс берді. Жарамсыз деп танылған бюллетень саны – 0.

Қаражал қаласы Шалғы кенті әкімін сайлаудың мынадай қорытындылары анықталды:

Кадирсизов Азамат Муратович үшін – 13, Сатанов Марат Рахимжанович үшін – 4, Сембек Мергенбай Ерланұлы үшін – 5, «Барлығына қарсы» белгісімен – 1 дауыс берілді.

Кадирсизов Азамат Муратович – Қаражал қаласы Шалғы кенті сайланған әкімі болып танылды.

Кадирсизов Азамат Муратович – 1978 жылы туған, қазақ, Қаражал қаласында тұрады, «AMANAT» партиясы ҚБ мүшесі, «AMANAT» партиясы ҚБ ұсынған.

 

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ ҚАРАЖАЛ ҚАЛАЛЫҚ

АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ

Дата публикации
24 февраля 2025