Қаражал қаласының жергілікті атқарушы органдары көрсететін мемлекеттік қызметтері бойынша ақпарат
2024 жыл бойынша жалпы 2002 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде:
- қағаз түрінде - 0;
- қағаз нысанда, бірақ "электрондық үкіметтің" веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін – 0 ;
- мемлекеттік корпорация арқылы - 881;
- электрондық түрде – 1121 (оның ішінде «электрондық үкімет» веб порталы арқылы - 463, «е-лицензиялау» АЖ арқылы - 438, электрондық нысанда көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы тікелей байланыссыз – 29, электрондық нысанда көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы тікелей байланыспен – 191).
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын жақсарту мақсатында 6 онлайн мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі, 8 қызмет алушылар күні өтті.
«Қызмет алушылардың құқытары» тақырыбында 100 брошюра таратылды.
2024 жылдың шілде айында «Қаражал қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінде ішкі бақылау өткізілді. 125 бұзушылық анықталды.
2024 жылдың қыркүйек айында «Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде ішкі бақылау өткізілді. 5 бұзушылық анықталды.
2024 жылдың қараша айында «Қаражал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде ішкі бақылау өткізілді. Бұзушылықтар тіркелген жоқ. Ұсыныс берілді.
Анықталған бұзушылықтар бойынша тиісті ұсыныстар беріліп, орындалды. Тиісті шаралар қабылданды.
2024 жылдың тамыз айында «Қаражал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мамандары О.Н.Калашникова және Е.А.Немцева мемлекеттік қызмет көрсету тақырыбында біліктілігін арттыру курсынан өтіп келді.