Қаражал қаласы Шалғы кенті әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

Қаражал қаласы Шалғы кенті әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

ХАБАРЛАМА

 

Қаражал қалалық аумақтық сайлау комиссиясының отырысында әкім болуға кандидаттарды ұсыну қорытындысы шығарылды.

2025 жылғы 16 қаңтардан бастап 28 қаңтар сағат 18.00 аралығында әкім болуға барлығы 3 кандидат ұсынылды. Оның ішінде саяси партиялардан – 1, өзін – өзі ұсыну тәртібімен – 2.

Барлық кандидаттар ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттарға қойылатын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келеді.

Қазіргі уақытта Шалғы кенті әкіміне кандидаттарды тіркеу жүргізілуде, тіркеу ағымдағы жылдың 2 ақпан сағат 18.00 ге дейін жалғасады, өйткені «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңнамаға сәйкес сайлау комиссиялары мемлекеттік органдармен бірлесіп кандидаттар ұсынған құжаттардың дұрыстығын тексеру бойынша жұмыстар жүргізеді.

 

ҚАРАЖАЛ ҚАЛАЛЫҚ АУМАҚТЫҚ

 САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ

Дата публикации
28 января 2025