Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидаларын бекіту туралы

"Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 104 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 сәуірде № 20529 болып тіркелді

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1."Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9675 болып тіркелген, 2014 жылғы 3 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасын бекіту туралы";

      бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидалары, сондай-ақ олардың сипаттамасы бекітілсін";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидалары, сондай-ақ олардың сипаттамасы";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидалары, сондай-ақ олардың сипаттамасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі

А. Раимкулова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

 

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2020 жылғы 29 сәуірдегі
№ 104 бұйрығына
қосымша

 

Қазақстан Республикасы
Спорт және дене шынықтыру
істері агенттігі төрағасының
2014 жылғы 29 шілдедегі
№ 300 бұйрығымен
бекітілген

Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидалары, сондай-ақ олардың сипаттамасы

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидалары, сондай-ақ олардың сипаттамасы (бұдан әрі - Қағидалар) "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының25) тармақшасына сәйкес әзірленді және спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру тәртібін, сондай-ақ олардың сипаттамасын айқындайды. 2. Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9902 болып тіркелген "Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 28 қазандағы № 56 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады (бұдан әрі - Нормалар мен талаптар).

2-тарау. Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру, омырауға тағатын белгілерді беру тәртібі, сондай-ақ олардың сипаттамасы

  1. "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шебері", "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы" спорттық атақтары және біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, жоғары санатты ұлттық спорт төрешісі, ұлттық спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру мемлекеттік көрсетілетін қызметтер болып табылады (бұдан әрі - спорттық атақтар және біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет), оны алу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация), "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүгінеді.
  2. Спорттық атақтар және біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметіне қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамасы, нысаны, мазмұны және көрсету нәтижесі, сондай-ақ спорттық атақтар мен біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметінің ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидалардың 1-қосымшасындамемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты форматында баяндалған.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтерін уәкілетті орган және Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады және тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.

      Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы берген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы спорттық атақтар мен біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, сондай-ақ мерзімі өткен құжаттарды ұсынса Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда "жеке кабинетте" көрсетілетін қызметті алушының өтініштерінің тарихында спорттық атақтар мен біліктілік санаттары мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ спорттық атақтар мен біліктілік санаттарын мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

  1. Уәкілетті орган құжаттар келіп түскен күні (сағат 18:00-ден кейін келіп түскен жағдайда, өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне(бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндері, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
  2. Ұсынылған құжаттар уәкілетті органда он төрт жұмыс күні ішінде қаралады және спорттық атақтар мен біліктілік санаттарын беру және олардан айыру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - комиссия) отырысында қарау үшін дайындалады.
  3. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды, кемінде бес адамды құрайды.

      Уәкілетті органның өкілдері, уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары комиссия мүшелері болып табылады. Комиссия төрағасы мен хатшысы уәкілетті орган өкілдерінің арасынан айқындалады.

      Комиссия хатшысы құжаттарды дайындауды және хаттамаларды ресімдеуді жүзеге асырады. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды.

  1. Комиссия отырысы, егер оған комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 қатысса, заңды деп есептеледі.
  2. Комиссия шешімі қатысып отырған комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.

      Комиссия мүшесі болмаған жағдайда комиссия отырысының хаттамасында оның қатыспаған себебі көрсетіледі.

  1. Комиссия ұсынылған құжаттарды комиссия отырысында қарайды және спорттық атақтар мен біліктілік санаттарын беруді немесе айыруды немесе спорттық атақтар мен біліктілік санаттарын беруден немесе айырудан бас тартуды ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті алушы спорттық атақты, разрядты және біліктілік санатын беруден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен қайта жүгінуге мүмкіндігі бар.

  1. Құжаттарды комиссия отырысында қарау және хаттамаға қол қою бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
  2. Комиссия отырысының хаттамасы негізінде уәкілетті орган спорттық атақтар мен біліктілік санаттарын беру туралы бұйрықты (бұдан әрі - спорттық атақтар мен біліктілік санаттарын беру туралы бұйрық) үш жұмыс күні ішінде, комиссияның теріс шешімі болған жағдайда дәлелді бас тартуды қабылдайды.
  3. Уәкілетті орган спорттық атақтар мен біліктілік санаттарын беру туралы бұйрықтың негізінде бес жұмыс күні ішінде баспахана арқылы осы Қағидалардың 4-қосымшасынасәйкес нысан бойынша спорттық атақтар мен төрешілік санаттарының куәліктерін дайындауды және осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тиісті омырауға тағатын белгіні беруді жүзеге асырады.

      Осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша біліктілік санаттарының куәліктері уәкілетті органда дайындалады.

  1. Уәкілетті орган бір жұмыс күні ішінде спорттық атақ беру туралы куәлікті немесе біліктілік санатын беру туралы куәлікті және (немесе) тиісті омырауға тағатын белгісін немесе спорттық атақтар мен біліктілік санаттарын беру туралы бұйрықтың көшірмесін немесе дәлелді бас тартуды Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      Порталда - Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу үшін уәкілетті лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған спорттық атақтар мен біліктілік санаттарының мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама жолданады.

  1. Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтар және біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бірінші санатты спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады (бұдан әрі - спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет), оны алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация, портал арқылы облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органына (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) жүгінеді.
  2. 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру мемлекеттік көрсетілетін қызметтер болып табылады (бұдан әрі - жасөспірімдік разрядтар мен біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет), оны алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация, портал арқылы аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органына, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы аудандардың әкімдеріне (бұдан әрі - ауданның жергілікті атқарушы органы) жүгінеді.
  3. Процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және көрсету нәтижесін қамтитын, спорттық разрядтары мен біліктілік санаттарын және жасөспірімдер разрядтары мен біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ спорттық разрядтары мен біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік қызметті ұсыну ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтер осы Қағидалардың 2-қосымшасындаспорттық разрядтар мен біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының және жасөспірімдер разрядтары мен біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының форматындағы осы Қағидалардың 3-қосымшасында жасөспірімдер разрядтары мен біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының форматында баяндалған.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтерін жергілікті атқарушы орган, ауданның жергілікті атқарушы органы және Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады және тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.

      Егер көрсетілетін қызметті алушы спорттық разрядтар мен біліктілік санаттары және жасөспірімдер разрядтары мен біліктілік санаттарының мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған, сондай-ақ мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда "жеке кабинетте" көрсетілетін қызметті алушының өтініштерінің тарихында спорттық разрядтар мен біліктілік санаттары мен жасөспірімдік разрядтар мен біліктілік санаттарын мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

  1. Жергілікті атқарушы орган және ауданның жергілікті атқарушы органы құжаттар келіп түскен күні (сағат 18:00-ден кейін келіп түскен жағдайда, өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері өтініштерді қабылдау және спорттық разрядтар мен біліктілік санаттары және жасөспірімдер разрядтары мен біліктілік санаттарын беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
  2. Жергілікті атқарушы орган және ауданның жергілікті атқарушы органы төрт жұмыс күні ішінде спорттық, жасөспірімдік разрядтар мен біліктілік санаттарын беруге арналған құжаттарды Нормалар мен талаптарға сәйкестігін комиссиясыз қарайды.

      Спорттық, жасөспірімдік разрядтары және біліктілік санаттарынан айыру мәселелерін қарау үшін жергілікті атқарушы органы және ауданның жергілікті атқарушы органы құжаттардың түсуіне қарай шақырылатын комиссия құрады.

  1. Құжаттарды қарау негізінде жергілікті атқарушы орган және ауданның жергілікті атқарушы органы үш жұмыс күні ішінде спорттық, жасөспірімдік разрядтары мен біліктілік санаттарын беру және одан айыру туралы бұйрықты (бұдан әрі - спорттық, жасөспірімдер разрядтары мен біліктілік санаттарын беру туралы бұйрық), комиссияның теріс шешімі болған жағдайда - дәлелді бас тартуды дайындайды.
  2. Жергілікті атқарушы орган және ауданның жергілікті атқарушы органы спорттық, жасөспірімдік разрядтары мен біліктілік санаттарын беру туралы бұйрықтың негізінде екі жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 4-қосымшасынасәйкес нысан бойынша спорттық, жасөспірімдер разрядтары мен төрешілер санаттарын беру туралы куәліктерді дайындауды баспахана арқылы жүзеге асырады.

      Осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша біліктілік санаттарын беру туралы куәлікті жергілікті атқарушы орган және ауданның жергілікті атқарушы органы дайындайды.

  1. Жергілікті атқарушы орган және ауданның жергілікті атқарушы органы бір жұмыс күні ішінде спорттық, жасөспірімдер разрядын беру туралы куәлікті немесе біліктілік санатын беру туралы куәлікті немесе спорттық, жасөспірімдер разрядтар мен біліктілік санаттарын беру туралы бұйрықтың көшірмесін не Мемлекеттік корпорацияға дәлелді бас тартуды жібереді.

      Порталда - Мемлекеттік корпорацияда спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарын және жасөспірімдер разрядтары мен біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу үшін уәкілетті лауазымды тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарын және жасөспірімдер разрядтары мен біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама жіберіледі.

  1. Спорттық атақтар мен разрядтар Нормалар мен талаптарды орындаған сәттен бастап, бір жыл ішінде беріледі.
  2. Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлері болып табылатын спортшылар "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері" спорттық атағын алу үшін құжаттар ұсынбайды.
  3. Жаттықтырушыларға, жаттықтырушы-оқытушыларға, әдіскерлерге және нұсқаушы-спортшыларға біліктілік санаттары спорттық атақтар және біліктілік санаттарды беру және спорттық, жасөспірімдер разрядтары мен біліктілік санаттарын беру туралы бұйрығына қол қойылған күннен бастап 5 жылдық мерзімге беріледі.
  4. Берілген санаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін төрешілер санатынан басқа жаттықтырушыға, жаттықтырушы-оқытушыға, әдіскерге және нұсқаушы-спортшыға оны растау қажет.
  5. Жоғары санат талаптарын орындаған және "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы" спорттық атағы бар жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы үшін көрсетілген санаттың қолданылу мерзімі шектелмейді.
  6. Біліктілік санаттары келесі спорт түрлерін: велоспорт және спорттың ойын түрлері, спорттық гимнастика, көркем гимнастика, мәнерлеп сырғанау, суға секіру, үйлесімді жүзу, биатлон, шаңғы қоссайысы, қазіргі бессайысты қоспағанда, сондай-ақ спорт шеберлігін одан әрі арттыру үшін спортшыларды басқа жаттықтырушыларға, жаттықтырушы-оқытушыларға беру жағдайларын қоспағанда, бір спортшыны дайындағаны үшін бірнеше жаттықтырушыға, жаттықтырушы-оқытушыларға біліктілік санаттары берілмейді.

      Спортшыларды одан әрі спорттық шеберліктерін арттыру үшін басқа жаттықтырушыларға, жаттықтырушы-оқытушыларға берген жаттықтырушылардың, жаттықтырушы-оқытушылардың спортшыны берілген сәтінен бастап екі жыл ішінде қол жеткізген нәтижелері бойынша біліктілік санаттарын иеленуге тиісті құжаттарды бере алады.

  1. Жаттықтырушылардың, жаттықтырушы-оқытушылардың, әдіскерлердің, нұсқаушы-спортшылардың санаттарының қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін олардың өтініштері негізінде дене шынықтыру-спорт ұйымдары мынадай жағдайларда ұзартады:

      1) еңбекке уақытша жарамсыздығы;

      2) жүктілікке және бала тууға, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыста болуы;

      3) мемлекеттік органдардың, спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктердің, дене шынықтыру-сауықтыру ұйымдарының жіберуімен шетелде мамандығы бойынша іссапарда, оқуда, жұмыста болуы.

3-тарау. Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарынан айыру тәртібі

  1. Спорттық атақтан, разрядтан және біліктілік санатынан айыру төменде көрсетілген фактілердің бірі анықталған жағдайда жүзеге асырылады:

      1) спорттық атақты, разрядты және біліктілік санатын беру үшін негіз болған құжаттарда анық емес немесе қасақана бұрмаланған ақпаратты беру;

      2) допингке қарсы қағидаларды бұзу.

  1. "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шебері", "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы" спорттық атақтары және біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, жоғары санатты ұлттық спорт төрешісі, ұлттық спорт төрешісі біліктілік санаттарын айыруға спорт түрлері бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациялары ұсынған құжаттардың негізінде уәкілетті орган жүзеге асырады.
  2. Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтар және біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бірінші санатты спорт төрешісі біліктілік санаттарынан айыруға спорт түрлері бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациялары ұсынған құжаттардың негізінде жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
  3. "2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі" біліктілік санаттарын айыруға спорт түрлері бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациялары ұсынған құжаттардың негізінде ауданның жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.
  4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, әскери-қолданбалы және қызметтік-қолданбалы, техникалық және басқа да спорт түрлерін дамытуға басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары уәкілетті органға, жергілікті атқарушы органға және ауданның жергілікті атқарушы органына Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері мен құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері қатарынан спорттық атақтарынан, разрядтарынан және біліктілік санаттарынан айыру үшін құжаттарды ұсынады.
  5. Құжаттарды қарау нәтижелері бойынша комиссия спорттық атақтардан, разрядтардан және біліктілік санаттарынан айыру немесе айырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

4-тарау. Спорттық атақтар және біліктілік санаттарын, спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарын, жасөспірімдік разрядтар мен біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша уәкілетті органның, жергілікті атқарушы органның және ауданның жергілікті атқарушы органының және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша уәкілетті органның, жергілікті атқарушы органның және ауданның жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
  2. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағынасәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

  1. Спорттық атақтар мен біліктілік санаттарын, спорттық разрядтары мен біліктілік санаттарын, жасөспірімдер разрядтары мен біліктілік санаттарын беру бойынша көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

 

Спорттық атақтар, разрядтар
және біліктілік санаттарын
беру және олардан айыру,
омырауға тағатын белгілерді
беру қағидалары, сондай-ақ
олардың сипаттамасына
3-қосымша

"2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.07.2022 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы:
1. 2-разрядты спортшы.
2. 3-разрядты спортшы .
3. 1-жасөспірімдік разрядты спортшы .
4. 2-жасөспірімдік разрядты спортшы .
5. 3-жасөспірімдік разрядты спортшы .
6. Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы.
7. Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы.
8. Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы.
9. Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы.
10. Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер.
11. Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер.
12. Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы.
13. Спорт төрешісі.

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы аудандардың әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Құжаттарды қабылдау "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, "электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.​egov.​kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы:
1. 2-разрядты спортшы.
2. 3-разрядты спортшы .
3. 1-жасөспірімдік разрядты спортшы .
4. 2-жасөспірімдік разрядты спортшы .
5. 3-жасөспірімдік разрядты спортшы .
6. Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы.
7. Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы.
8. Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы.
9. Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы.
10. Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер.
11. Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер.
12. Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы.
13. Спорт төрешісі.

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

10 (он) жұмыс күні.
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы:
1. 2-разрядты спортшы.
2. 3-разрядты спортшы .
3. 1-жасөспірімдік разрядты спортшы .
4. 2-жасөспірімдік разрядты спортшы .
5. 3-жасөспірімдік разрядты спортшы .
6. Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы.
7. Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы.
8. Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы.
9. Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы.
10. Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер.
11. Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер.
12. Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы.
13. Спорт төрешісі.

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі жасөспірімдер разрядтары мен біліктілік санаттарын беру куәлік немесе жасөспірімдер разрядтары мен біліктілік санаттарын беру туралы бұйрықтың көшірмесі немесе дәлелді бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі

Көрсетілетін қызмет беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00 – ден 14.30 – ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00 – ден 18.30 – ға дейін.
Мемлекеттік корпорация: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбіні қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00 – ден 20.00 – ге дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек тәртібімен көрсетіледі немесе портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады.
Портал: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекен-жайлары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында: www.​gov.​kz/​ent​itie​s/​msm "Қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Мемлекеттік корпорацияға:
1) 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері бойынша:
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде - жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
бастапқы спорттық ұйымның мөрімен және қолымен куәландырылған қолдаухаты;
спорт түрі бойынша облыс федерациясының мөрімен куәландырылған облыстық және (немесе) қалалық жарыстар, спорт түрі бойынша аккредиттелген облыс федерациясы болмаған жағдайда, облыстық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған жарыстар немесе аудандық, қалалық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған аудандық жарыстардың хаттамалары;
2) біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы біліктілік санаттары мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері бойынша:
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде - жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
білімі туралы диплом немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат;
жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушының спортшыларды дайындауы туралы анықтамасы;
спорт түрлері бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясының мөрімен куәландырылған, спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы болмаған жағдайда, облыстық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған жарыстардың хаттамалары;
3) біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер біліктілік санаттары мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері бойынша:
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде - жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
кәсіптік білімі туралы диплом немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат;
жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
4) біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы біліктілік санаты мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері бойынша:
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде - жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
білімі туралы диплом немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат;
жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясының мөрімен куәландырылған, аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы болмаған жағдайда нұсқаушы-спортшы құрамына кіретін ұйымның мөрімен куәландырылған санат беру туралы қолдаухат;
5) спорт төрешісі біліктілік санаты мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрі бойынша:
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде - жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
қызмет берушінің төрешілік растайтын жарыс хаттамасының көшірмесі немесе төрешілік туралы анықтама;
"электрондық үкімет" порталына:
1) 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері бойынша:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
құжаттың электрондық нысанындағы бастапқы спорттық ұйымның мөрімен және қолымен куәландырылған қолдаухаты;
құжаттың электрондық нысанындағы спорт түрі бойынша облыс федерациясының мөрімен куәландырылған облыстық және (немесе) қалалық жарыстар, спорт түрі бойынша аккредиттелген облыс федерациясы болмаған жағдайда, облыстық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған жарыстар немесе аудандық, қалалық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған аудандық жарыстардың хаттамалары;
2) біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы біліктілік санаттары мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері бойынша:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
құжаттың электрондық нысанындағы білімі туралы диплом немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат;
құжаттың электрондық нысанындағы жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
құжаттың электрондық нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушының спортшыларды дайындауы туралы анықтамасы;
құжаттың электрондық нысанындағы спорт түрлер бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясының мөрімен куәландырылған, спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы болмаған жағдайда, облыстық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған жарыстардың хаттамалары;
3) біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер біліктілік санаттары мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері бойынша:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
құжаттың электрондық нысанындағы кәсіптік білімі туралы диплом немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат;
құжаттың электрондық нысанындағы жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
4) біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы біліктілік санаты мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрі бойынша:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
құжаттың электрондық нысанындағы білімі туралы диплом немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат;
құжаттың электрондық нысанындағы жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
құжаттың электрондық нысанындағы спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясының мөрімен куәландырылған, аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы болмаған жағдайда нұсқаушы-спортшы құрамына кіретін ұйымның мөрімен куәландырылған санат беру туралы қолдаухат;
5) спорт төрешісі біліктілік санаты мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері бойынша:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
құжаттың электрондық нысанындағы қызмет берушінің төрешілік растайтын жарыстардың хаттамалары немесе төрешілік туралы анықтама.

9.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздері

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін белгілеу;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

10.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда сұрау салады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінім берген кезде дәйектілігін қолтаңбамен немесе ЭЦҚ-мен растай отырып, мынадай деректерді көрсетеді: тұрғылықты жерінің (орналасқан жерінің) мекенжайы, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі, электрондық мекенжайы.
Цифрлық құжаттар сервисі "eGov mobile" мобильдік қосымшасында авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген телефондар немесе бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алады.Жүктеу

 

 

Спорттық атақтар, разрядтар
және біліктілік санаттарын беру
және олардан айыру, омырауға
тағатын белгілерді беру
қағидалары, сондай-ақ олардың
сипаттамасына 4-қосымша

 

Дата публикации
16 июля 2024