Қаражал қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы «Қаражал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардын жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» N133 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.

Жоба

 

 

ШЕШІМІ

 Қаражал қалалық мәслихатының сессиясы

 

 

Қаражал қаласы                                                          № ______ шілде 2024 ж

 

 

Қаражал қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы                      «Қаражал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардын жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» N133 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.

 

      Қаражал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1.Қаражал қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы                      «Қаражал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардын жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» N133 шешіміне енгізу. Қаражал қаласы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №91-20 санымен тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілді:

      1) көрсетілген шешімнің қосымшасының 2-тармағының 1) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»;

      2) көрсетілген шешімнің қосымшасының 5-тармағы  келесі тармақшасы толықтырылсын:

           «10) 25 қазан- Республика күні:

           жетім-балаларға- 20 000 (жиырма мың) теңге;

      3) көрсетілген шешімнің қосымшасының 12-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«Атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмек оны алушылардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.

Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын ЖАО белгілейді, содан кейін Мемлекеттік корпорацияға не өзге де ұйымдарға сұраныс жіберу арқылы олардың тізімдері қалыптастырылады.»

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қалалық мәслихат хатшысы                                                           З.Оспанова

Дата публикации
09 июля 2024