Қаражал қалалық сайлау комиссиясының
ХАБАРЫ
2024 жылғы 25 ақпан Ұлытау облысы, Қаражал қаласы Шалғы кентінің әкімінің сайлауы өтті.
Қаражал қалалық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Қаражал қаласы Шалғы кентінің әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын төмендегідей белгіледі:
Қаражал қаласы Шалғы кентінің әкімінің сайлауы бойынша: сайлау учаскесі бойынша сайлаушылар тізіміне 59 азамат еңгізілді, оның 24 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 0, «Бәріне қарсымын» - 1. Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны: Бейсембаев Е.Ж. – 0; Ерденов Т.И. – 18; Сатанов М.Р. – 5.
Қаражал қаласы Шалғы кентінің әкімі болып Ерденов Тулеген Ильясович сайланды, 1977 жылы туған, Шалғы кентінің әкімі, Қаражал қаласында тұрады, "AMANAT" Партиясы» ҚБ ұсынған.
Қаражал қалалық сайлау комиссиясы