Қаражал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің 2023 жылдың есебі және 2024 жылға міндеттер
2023 жылдың қортындысы бойынша атаулы әлеуметтік көмекке 49 отбасы, ондағы 196 адамға бюджеттен 16234,2 мын. теңге қаражат төленді. (2022 жылы 226 адамға 14933,8 мың теңге бөлінген).
1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қосымша төлем 2023 жылы 55 балаға 1490,4 мың теңге, сомасында төленді. (2022 жылы 40 балаға 2288,4 мың теңге бөлінген).
Есепті кезенде тұрғын үй көмегі 84 отбасына 3954,8 мың теңге көрсетілді, былтырғы жылдың сәйкес кезенінде 53 отбасыға – 2598,0 мың теңге төленген.
2023 жылдың басынан бастап үйде 4 адам тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуді алушы іс жүзінде 4 адам болып табылады. Қараша айында 4 алушыға 82,8 мың теңге төленді, 2022 жылдың ұқсас кезеңінде 5 балаға 141,9 мың теңге сомасында төленді.
2022 жылдың 16 мамырынан бастап Миграция қызметінен «Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттарды беру немесе ұзарту бойынша» мемлекеттік қызмет көрсету жұмысы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне берілді.
Есепті кезенде 205 еңбекші көшіп келушіден өтініш түскен, оның 113-не еңбек қызметін атқару үшін рұқсат берілді, 27-не рұқсаты ұзартылды, 65 келушіге рұқсат беруге бас тартылды (құжаттардың сәйкес келмеуі, миграцияның рұқсат бермеуі (2023 жоспары-150).
2022 жылдың ұқсас кезенде 116 еңбекші көшіп келушіден өтініш түскен, оның 55-не еңбек қызметін атқару үшін рұқсат берілді, 21-не рұқсаты ұзартылды, 65 келушіге рұқсат беруге бас тартылды.
Жыл сайын Қазақстан Республикасында "Еңбек жолы" республикалық байқауы өткізіледі. Конкурсты өткізудің мақсаты үздік еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлерін анықтау, жастарды еңбекке құрметпен қарау рухында тәрбиелеу болып табылады.
Облыстық деңгейде «Өндірістің үздік жас маманы» номинациясы бойынша - Мұқажан Мөлдір Қуантайқызы , Қаражал қаласы білім бөлімінің «№7 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де педагог – дефектологы жеңімпаз атанып 1-ші орынды иеленді жәнеде республикалық деңгейге қатысуға жіберілді.
Жезқазған қаласында байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Мемлекеттік қызмет көрсетумен қатар мемлекеттік емес көздерден атаулы көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мерекелік күндерге тұрақты негізде қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру өткізіледі, оның барысында 196 аз қамтылған азаматтардың, мүгедектер мен жалғызбасты зейнеткерлердің көмегі 2445,0 мың теңгеге қамтылды. Аз қамтылған азаматтарға көмек көрсетуде негізгі рөлді өңірді ұйымдастырудағы кәсіпорындар атқарады.
Бүгінгі таңда мемлекет мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға, оңалту іс-шараларының көлемін ұлғайтуға, жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, мүгедектердің тұрмыстық, қоғамдық, кәсіби қызметіндегі қабілеттерін қалпына келтіруге көмектесетін мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жұмыс жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың басынан бастап өңір бойынша арнайы әлеуметтік қызметтермен 95 адам қамтылды, оның ішінде 80 жалғызбасты қарттар, 1 II топтағы мүгедектігі бар тұлға, 4 тыл еңбеккері. Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес 12 мүгедектігі бар тірек-қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық ауытқулары бар балаға және 2 психоневрологиялық ауытқулары бар 18 жастан асқан тұлғаға үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Бұл санаттарға 18 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетеді. Қарттар мен мүгедектігі бар тұлғаларға арналған жартылай стационарлық жағдайдағы медициналық-әлеуметтік мекемеге 2 адам кезекте тұр.
Өңір бойынша барлығы 458 мүгедектігі бар адамдар есепте тұр, оның ішінде 67 бала (2022 жылы 455 адам есепте тұрды, оның ішінде 65 бала).
Жыл басынан бері 163 дана санында түрлі техникалық көмекші оңалту құралдарымен қамтамасыз етілді, оның ішінде 33 мүгедек адам 28427,0 мың теңге сомасында санаторий-курорттық емдеумен қамтылды (өткен жылдың ұқсас кезеңінде 141 дана және 28 мүгедек адам 15030,0 мың теңге сомасында санаторий-курорттық емдеумен қамтылды).
Қала бюджеті есебінен мерекелік күндерге біржолғы материалдық көмек көрсетілді, өңір бойынша 2023 жылы барлығы 43905,0 мың теңге сомасына 2890 адам қамтылды, 2022 жылдың ұқсас кезеңінде 20126,0 мың теңге сомасына 2289 адам қамтылды.
2024 жылға жоспар:
2024 жылға атаулы әлеуметтік көмек төлеуге жергілікті бюджеттен 246 алушыға 19000,0 мың теңге.
2024 жылға тұрғын үй көмегін төлеуге 100 отбасына 6000,0 мың теңге сомасында ақшалай қаражат бөлінді.
2024 жылға тұрғын үй сертификаттарын беруге 1 көп балалы отбасына "Бақытты отбасы" бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй сатып алу бойынша бастапқы жарнаны жабу үшін жергілікті бюджеттен 1000,0 мың теңге бөлінді.
2024 жылға арналған "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бағдарламасы бойынша мереке күндері мен атаулы күндерге, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға байланысты біржолғы материалдық көмек көзделген барлығы 3384 адамға 46000,0 мың теңге көзделген.
Мүгедектігі бар адамдарды техникалық оңалту құралдарымен және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етуге 2024 жылға - 150 адамға 28000,0 көзделген.
2024 жылға еңбекші көшіп келушіге қажеттілік-150 адам.