Ұлытау облысы Қаражал қалалық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 17 қаңтардағы №2 ШЕШІМІ

Ұлытау облысы Қаражал қалалық

сайлау комиссиясының

2024 жылғы 17 қаңтардағы

№2

ШЕШІМІ

 

Қаражал қаласы Шалғы кентінің әкімінің

сайлауын тағайындау туралы

 

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 113-1 бабына сәйкес Қаражал қалалық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2024 жылғы 25 ақпанға Қаражал қаласы Шалғы кентінің әкімінің

сайлауы тағайындалсын.

  1. 2024 жылғы 25 ақпанға тағайындалған Қаражал қаласы Шалғы кентінің әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін:

- әкімдікке кандидаттарды ұсыну 2024 жылғы 18 қаңтар  күні басталады және 2024 жылғы 30 қаңтар  күні сағат 18:00-де аяқталады;

- әкімдікке кандидаттарды тіркеу 2024 жылғы 04 ақпанда сағат 18:00-де  аяқталады.

  1. Осы шешім Қаражал қаласының әкім аппаратының сайтында және жергілікті "Қазыналы өңір" газетінде жариялансын.

 

 

Комиссия төрағасы                                         Г.Саутбаева

 

Комиссия төрағасының орынбасары          М.Сыздыков       

 

Комиссия хатшысы                                         С.Ким

     

Комиссия мүшелері:

 

   У.Темирова               Е.Семак

 

   С.Куандыков               А.Ерденова

 

                                                 

 

 

 

 

Дата публикации
17 января 2024