АХАТ арқылы неке қию статистикасы

АХАТ арқылы неке қию статистикасы

Біздің заңымызға сәйкес неке жасы – 18 жас. АХАТ органдары дәлелді себептері болған жағдайда неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендете алады. Неке жасына жетпеген адамдардың некеге тұруына ата – аналарының келісімі бойынша ғана рұқсат етіледі.
Ұлытау облысы бойынша ағымдағы жылдың 10 айында АХАТ органдары арқылы 1243 неке тіркелді. Некедегі ең жоғарғы көрсеткішті тамыз айында, ең төменгі деңгейді мамыр айында көрсетіп отыр.

1 шілдеден бастап АХАТ бөлімдері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бағынысына берілгеннен бастап неке қию статистикасына сүйене кетсек, 4 айда 585 неке тіркелді.

Әйелдер көбісі 20-24 жасында тұрмыс құрып, ерлер 25-29 жастарында үйленуде.

Ажырасу бойынша ағымдағы жылдың 10 айында АХАТ органдары арқылы 178 некені бұзу тіркелген. Соның ішінде, ажырасудың ең жоғарғы көрсеткіші 91 некені бұзу Жезқазған қаласында байқалды.

Адамзаттың басты міндеті – отбасын құрып, ұрпақ өрбіту. Тал бесіктен жер бесікке дейін артынан із қалдырып, ұрпағына өнегелі, өрелі тәрбие беруге асығады. Әйтсе де дәл осы құндылығымыз күні бүгін маңыздылығын жойған сияқты. Батыстан соққан суық жел сияқты түрлі «сән» санамызды улап барады. Тіпті азаматтық некеге тұрып, көңіл қошы қаламаса, әп-сәтте қош айтысуға дайын жастардың қарасы да аз емес.

Рас, сананы тұрмыс билеген уақытта бесіктегі баланың болашағына бей-жай қарайтындар көбейді. Сондықтан адал жар, ақ жаулықты ана болудағы жауапкершіліктің жүгі ауыр екенін ескеру керек. Жаңадан көтерген шаңырақты сақтап қалуды мақсат ете білген жөн. Сәбилердің ертеңіне сызат түспеу үшін – ауызбіршілік пен татулықты дәнекер еткен абзал.

 

 

 

Дата публикации
29 ноября 2023