«Қаражал қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Қаражал қ.
КІРІСПЕ БӨЛІМ
Қаражал қаласы әкімінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі 9/1-ө «Қаражал қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау» өкімінің негізінде, 2023 жылғы 12 маусым және 2023 жылғы 12 мамыр аралығында жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Үлгілік қағидаларға сәйкес жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жұмыс тобы келесі құрамда жүргізді:
|
Сембек М.Е.
|
Жұмыс тобының жетекшісі, «Қаражал қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы;
|
|
Ерденова А.К. |
«Қаражал қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің бакылау, құжаттамамен қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және бақылау, мемлекеттік қызметтерді көрсетуге ішкі бақылау жасау бөлімінің басшысы;
|
|
Куандыков С.Б. |
«Қаражал қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің кадр бөлімінің басшысы;
|
|
Жакупова Г. А. |
«Қаражал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі;
|
|
Саутбаева А.Б. |
«Қаражал қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бухгалтерлік есеп және қаржылық қызмет бойынша бас инспекторы. |
«Қаражал қаласы әкімінің аппараты» ММ қызметіне қатысты құқықтық актілерде, ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Құқықтық актілерде анықталған тәуекелдер саны 0 (бірлік), ішкі құжаттарда 0 (бірлік).
«Қаражал қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай мемлекетттік мекеме) өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ мемлекеттік мекемесінің ережесіне сәйкес жүзеге асырады.
Егер мемлекеттік мекеме заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Персоналды басқарумен байланысты анықталған тәуекелдер саны 0 (бірлік).
Мемлекеттік мекеменің штаттық құрылым қалыптасып, бекітілді. Белгіленген сан лимиттерінің сақталуын бақылау қамтамасыз етілді.
Мемлекеттік мекеменің кадрлық қызмет бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңын (бұдан әрі – Заң), мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін өзге де Қазақстан Республикасының номативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның актілерін және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы «Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы үлгілік ережені бекіту туралы» №15 бұйрығын басшылыққа алады.
Қаражал қаласы атқарушы органдарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің штат саны - 60 бірлікті құрайды. 2023 жылдың 01 тамызындағы жағдай бойынша бос орын 10 бірлік.
Қаражал қаласы әкімі аппаратының кадрлық қызметі бөлімінің басты міндеттерінің бірі жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың кадр құрамын қалыптастыру және конкурстық іріктеуді ұйымдастыру болып табылады. Конкурстық іріктеу және құжаттарды қабылдау мемлекеттік «е-қызмет» кадрлары бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасы (ақпараттық жүйесінде) арқылы жүргізіледі. Аталған автоматтандырылған деректер базасында жұмыс жүргізу сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін неғұрлым азайтады. Есепті кезеңге 7 конкурс өткізіліп, оның ішінде 1 конкурсқа қатысушылар болмауына байланысты, конкурс өткізілмеді.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті ақпараттық сервисінің «Арнайы есептер» деректер қоры арқылы кандидаттардың «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 16-бабында көзделген мемлекеттік қызметке кіру шарттарына сәйкестігі тексерілді. Қорытындысына сәйкес, конкурсқа қатысушы 7 кандидаттың мемлекеттік қызметке кіруіне кедергі келтіретін жағдай тіркелген жоқ. Конкурстық іріктеуді жүргізуге байланысты анықталған тәуекелдер саны 0 (бірлік).
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 13 – бабына сәйкес, мемлекеттік қызметке алғаш түскен қызметшілерден мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер талап етіледі. Бүгінгі таңда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 13 – бабына сәйкес жағдайлар тіркелген жоқ.
Кадр қызметі бөлімі Қазақстан Респуликасының қолданыстағы Заңнамаларына сәйкес, Қаражал қаласы әкімі аппаратының, құрылымдық бөлімшелерінің, кент аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінен және олардың жұбайларынан кірістері мен мүлкі туралы декларацияны қабылдап, «Е-қызмет» мемлекеттік қызметшілер базасына тіркеу жұмыстарын жүргізеді.
Қаражал қаласы әкімнің өкімімен құрамында 4 адамнан тұратын тәртіптік комиссия жұмыс жасайды. Қаражал қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысымен, Әдеп жөніндегі уәкіл Қаражал қаласы әкімі аппаратының басшысы Д.Оспанбекованың қатысуымен тәртіптік комиссиялардың мүшелерімен және кадр қызметі бөлімінің қызметкерлерімен қолданыстағы Заңңама талаптары бойынша тұрақты түрде түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. 2023 жылдың 01 тамызы бойынша 7 мемлекеттік әкімшілік қызметші тәртіптік жазаға тартылды. Аталған тәртіптік жазалар сыбайлас жемқорлыққа байланысты қолданылған жоқ.
Қаражал қаласының атқарушы органдарында іс-қағаздар, соның ішінде мемлекеттік қызметке кіру, мемлекеттік қызметті өткеру және тоқтату рәсімдері, қызметтік тексерістерді жүргізу, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау, аттестаттау және оқытуды жүргізу, іс-сапарларға жіберуді рәсімдеу «е-қызмет» бірыңғай автоматтандырылған деректер базасы арқылы жүзеге асырылады. Есепті кезеңде «Қаражал қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi, автомобиль жолдары және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен «Қаражал қаласының ішкi саясат, мәдениет, тiлдердi дамыту және спорт бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің кадрлық қызмет жүктелген мамандары іс-сапарларға жіберуді рәсімдеу кезіңде іс-сапарды рәсімдеуге негіз болатын құжатты «е-қызмет» бірыңғай автоматтандырылған деректер базасына тіркемегені және Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларының 2-тарауының 3-тармағы бұзылғаны анықталды. Аталған мамандарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, көрсетілген кемшіліктер жойылды.
Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Мүдделер қақтығысына байланысты анықталған тәуекелдер саны 0 (бірлік).Қаражал қаласы әкімдігінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 14 – бабына сәйкес, жақын туыстардың, ерлі – зайыптылар тікелей бағынысты мекемеде қызмет жасау фактілері тіркелген жоқ.
Бақылау функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Мемлекеттік мекеме бақылау функцияларын іске асырмайды, осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Қаржы-шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Қаржы-шаруашылық қызметте анықталған тәуекелдер саны 0 (бірлік).
Жасырын мемлекеттік қызметтерді анықтау.
Жасырын мемлекеттік қызметтер анықталған жоқ.
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
Мемлекеттік мекеме қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындысы бойынша ұсынылды:
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңын қатан түрде сақталуын тұрақты бақылауға алып, Заңды түсіндіру жұмыстар жүргізілсін.
|
Жұмыс тобының жетекшісі, «Қаражал қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы; |
Сембек М.Е.
|
|
«Қаражал қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің бакылау, құжаттамамен қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және бақылау, мемлекеттік қызметтерді көрсетуге ішкі бақылау жасау бөлімінің басшысы;. |
Ерденова А.К
|
|
«Қаражал қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің кадр бөлімінің басшысы; |
Куандыков С.Б. |
|
«Қаражал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі; |
Жакупова Г. А. |
|
«Қаражал қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бухгалтерлік есеп және қаржылық қызмет бойынша бас инспекторы. |
Саутбаева А.Б. |