Шалғы кентінің кейбір көшелерін қайта атау бойынша өткен Шалғы кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасы

Шалғы кентінің кейбір көшелерін қайта атау бойынша өткен Шалғы кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасы

 

Шалғы кенті                                                                                               27 наурыз2023 жыл

                                                                                                                     сағат 11.00

 

            Жергілікті қоғамдастық жиналысында Шалғы кенті әкімі аппаратының Шалғы кентінің кейбір көшелерін қайта атау мәселесі бойынша ұсынысы және «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысының 3-тармағы  негізінде тиісті аумақ халқының пікірі ескеріліп, хаттамамен ресімделді.

            Жергілікті қоғамдастық жиналысты ұйымдастырушы:Шалғы кентінің әкімдігі, «Қаражал қаласының ішкі саясатжергілікті қоғамдастық мүшелері.

Жергілікті қоғамдастық жиналысының өтетіндігі туралы ресми жарияланымдар: «Қазыналы өңір» аймақтық газеті, 2023 жылғы11 ақпандағы №5(1143), Қаражал қаласы әкімдігінің сайты, https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-karazhal/press/news/details/507293?lang=ru

Жергілікті қоғамдастық жиналысы өтті: 2023 жылдың 27 наурызы.

Тіркелген қатысушылар саны: 26 адам.

 

Күн тәртібі:

Шалғы кентінің кейбір көшелерін қайта атау туралы:

Карл Маркс көшесін Қазына көшесіне;

Фрунзе көшесін Байқоныс көшесіне қайта атау.

 

Тыңдалды: Ақжол Ахатұлы Құрмансейіт – Қаражал қаласы әкімінің орынбасары, Азамат Мұратұлы Қадірсізов – Шалғы кентінің тұрғыны.

 

Қоғамдастық жиналысы барысында Карл Маркс көшесін Қазына көшесі деп қайта атау бойынша дауыс беру қорытындысы төмендегідей болды:

«Қолдағандар» -  26 адам.

«Қарсы болғандар» - 0 адам.

ШЕШІМ ЕТТІ: қатысқан тұрғындардың көпшілік дауыстарымен Шалғы кентінің  Карл Маркс көшесін Қазына көшесіне өзгерту мақұлданды.

 

Қоғамдастық жиналысы барысында Фрунзе көшесін Байқоныс көшесі деп қайта атау бойынша дауыс беру қорытындысы төмендегідей болды:

«Қолдағандар» -  26 адам.

«Қарсы болғандар» - 0 адам.

ШЕШІМ ЕТТІ: қатысқан тұрғындардың көпшілік дауыстарымен Шалғы кентінің  Фрунзе көшесін Байқоныс көшесіне өзгерту мақұлданды.

 

 

Шалғы кентінің әкімі                                                         Т.Ерденов.

 

 

 

Дата публикации
26 апреля 2023