Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттығына кандидаттар назарына!

Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттығына кандидаттар назарына!

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес «Қазыналы өңір» газетінің редакциясы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге  ақылы негізді орын беріп, сайлау науқаны туралы мынандай баға жариялайды. Сайлауалды үгіт материалдары және оны газетте орналастыру шарттары, орындарды беру тәртібі:

- материал көлемі шаршы сантиметрмен;

- газеттің бірінші бетіне орналастырылатын үгіт материалдарының көлемі 200 шаршы сантиметрден аспауы керек;

- сайлауалды үгіт материалдарына орындар бөлу редакцияға материалдардың түсу реті бойынша жүзеге асырылады.

         Сайлауалды үгіт материалдарын газет бетіне жариялау үшін төлем мөлшері әр шаршы сантиметріне  293,21 теңгемен есептеледі.  

Жариялауға арналған өтінімдерде төлем уақыты, материалдарды шығаруға жауапты тұлғалар, қаржыландыру көздері, ақпаратты берген тұлғаның аты-жөні туралы мәліметтер болуы керек.

Дата публикации
11 февраля 2023