Ұлытау облысы Қаражал қалалық мәслихатының
округтік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы
ХАБАРЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Ұлытау облысының Қаражал қалалық мәслихаты округтік сайлау комиссияларының жаңа құрамдарының қалыптасатыны туралы хабарлайды.
Округтік сайлау комиссиялары бес мүшеден тұратын құрамда құрылады.
Округтік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскедегі сайлаушылардың санына қарай қаланың аумақтық сайлау комиссиясы айқындады.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия округтік сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері 2022 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 13 қаңтары аралыығында қалалық мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2) округтік сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері қалалық мәслихаттың интернет-ресурсында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2023 жылдың 13 қаңтары аралығында дүйсенбі - жұма күндері 09:00-18:30 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ге дейін.
ҚАРАЖАЛ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫ
Қалалық мәслихаттың мекен-жайы: Қаражал қаласы, Абай көшесі, 9.
Қалалық мәслихаттың хатшысы – Зәмзәгүл Қажымұқанқызы Оспанова.
Материалдарды жинауға жауапты: Гүлім Құанбайқызы Айтмағанбетова, Ақелік Алпысбайқызы Нұрмағанбетова - қалалық мәслихат аппаратының бас мамандары, жұмыс тел. 2-64-40, 2-68-47, 2-62-40, каб. 202, 203.
Мәслихат сайты https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karazhal;
https://garajal.maslihaty.kz.
Электрондық почта maslihatkarazhal@mail.ru.
Округтік сайлау комиссиялары
|
№ р/б |
Сайлау округі мен учаскенің нөмірі |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері |
Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны |
|
1 |
№ 1 |
«Қаражал қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№7 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қаражал қаласы, 25 орам, № 24 үй |
5 |
|
2 |
№ 2 |
«Қаражал қаласының мәдени-сауық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Қаражал қаласы, Абай көшесі, №10 үй |
5 |
|
3 |
№ 3 |
Бұрынғы 14 дүкеннің ғимараты, Қаражал қаласы, Т.Ысқақов көшесі, № 20 үй |
5 |
|
4 |
№ 4 |
«Наурыз» сауда-ойын-сауық кешені, Қаражал қаласы, С.Әлиев көшесі, № 22а үй |
5 |
|
5 |
№ 5 |
«Қаражал қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№5 бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қаражал қаласы, Теміржол көшесі, № 13 үй |
5 |
|
6 |
№ 6 |
«Қаражал қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№3 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қаражал қаласы, Абай көшесі, № 11 үй |
5 |
|
7 |
№ 7 |
Қаражал қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№30 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қаражал қаласы, Жәйрем кенті, Мұратбаев көшесі, № 11 үй |
5 |
|
8 |
№ 8 |
«Жәйрем кентінің мәдени-сауық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Қаражал қаласы, Жәйрем кенті, Абай көшесі, №22 үй |
5 |
|
9 |
№ 9 |
«Балдырған» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Қаражал қаласы, Жәйрем кенті, С.Сейфуллин көшесі, №10/1 үй |
5 |
|
10 |
№ 10 |
«Қаражал қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№10 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қаражал қаласы, Жәйрем кенті, Металлургтер көшесі, №85 үй |
5 |
|
11 |
№ 11 |
«Қаражал қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№10 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қаражал қаласы, Жәйрем кенті, Металлургтер көшесі, № 85 үй. |
5 |