Қаражал қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы

 

Қаражал қалалық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

 

№15

29 желтоқсан 2022 жыл

 

 

Қаражал қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау бой       ынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 9-бабының 4-тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 1-тармағына, 22-бабына сәйкес және «Сайланатын мәслихатттар депутаттарының санын айқындау туралы» Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 қаулысының негізінде Қаражал қалалық  сайлау комиссиясы  ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

 

  1. Қаражал қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша Қаулыға қосымшаға сәйкес шекараларда 11 бірмандаттық қалалық сайлау округтері құрылсын.
  2. Қаулы Қаражал қалалық мәслихатына жіберілсін.
  3. Осы қаулы Қаражал қаласының әкімдігінің интернет-ресурсының "Сайлау" бөлімінде орналастырылсын.
  4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Қаражал қалалық сайлау

комиссиясының төрағасы                                     Г.Саутбаева

 

Қаражал қалалық сайлау

комиссиясының хатшысы                                    А.Кульмагамбетова

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
30 декабря 2022