Қазақстан Республикасы Президенті лауазымына
сайлануға үміткерлер назарына!
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президенті лауазымына сайлануға үміткер ретінде ресми тіркелген тұлғалар сайлау қарсаңындағы бағдарламалары мен үгіт-насихат материалдарын бұқаралық ақпарат құралдарында ақылы негізде жариялауға құқылы.
Соған орай, «Ұлытау аудандық «Ұлытау» газетінің редакциясы» ЖШС материалдарды жариялау төлемақысы төмендегідей мөлшерде бекітілгенін хабарлайды:
-Газеттің ішкі және соңғы беттерінде шығатын материалдың (суретін қоса алғанда) әр см2 – 279,25 теңге.
-Материалды ұсынушы тараптың талабы бойынша газеттің бірінші бетіне салынатын жарияланымның (суретін қоса алғанда) әр см2 – 558,5 теңге.
-Бірінші бетке салынатын материалдың көлемі (суретімен қоса алғанда) 200 см2-ден аспауы тиіс. Ал, асып кеткен жағдайда қалған бөлігі әр см2-іне 279,25 теңге есебімен ішкі немесе соңғы беттерге ауыстырылып басылады.
Ескертулер:
-газет аптасына бір рет – сенбі күндері жарық көреді;
-жариялауға ұсынылатын материалдар газеттің келесі номері шығатын аптаның бейсенбісінен кешіктірілмей тапсырылуы тиіс;
-үміткерлердің материалдары мен олардың ұсынылу реттілігі ҚР қолданыстағы заңнамасы талаптарына сай болуы міндетті.
Қаражал қалалық «Қазыналы өңір» газетінің редакциясы.