шешімінің жобасына САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ

 «Қаражал қалалық мәслихатының  2018 жылғы 17 тамыздағы №228 «Салық салу мақсаттары үшін Қаражал қаласының, Шалғы және Жәйрем кенттерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»

шешімінің жобасына

САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ

 

№

Құрылымдық

элемент

Бұрынғы
редакция

Жаңа

редакция

Негіздеме

1

Шешімнің тақырыбы

Салық салу мақсаттары үшін Қаражал қаласының, Шалғы және Жәйрем кенттерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) бекіту туралы

Қаражал қаласының, Шалғы және Жәйрем кенттерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) бекіту және жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 8-бабына, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 510-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес.

 

2

Шешімнің кіріспесі

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексiне, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)» Кодексiне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:               

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 8-бабына, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 510-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес ШЕШТІ:

Дата публикации
19 августа 2022