ХАБАРЛАМА
2021 жылғы 25 шілдеде Қарағанды облысы Қаражал қаласының
Жәйрем кенті әкімінің сайлауы өтті.
Қаражал қалалық сайлау комиссиясы " Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы "Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Қарағанды облысы Қаражал қаласының Жәйрем кенті әкімін таңдау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 5480 азамат енгізілді, оның ішінде 3614 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны–98, "барлығына қарсы" деген жолда белгісі бар -1.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Жансагимов К. А.. - 2549; Сатанов М. Р. – 47; Тәттекенов Қ.Қ. -919.
Жәйрем кентінің әкімі болып Жансағымов Қайрат Амангелдіұлы сайланды, «Nur Otan» партиясы ұсынды.
Қаражал қалалық
сайлау комиссиясының төрағасы Н. Үйсімбаев