"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру мақсатында әкім аппараты ғимаратының бірінші қабаты "open akimat" форматына қайта жабдықталды.
Мұнда тұрғындар "бір терезе" қағидаты бойынша тұрғын үй қатынастары, әлеуметтік қамсыздандыру, ауыл шаруашылығы салаларындағы мемлекеттік қызметтерді ала алады.
Шектеу шаралары аяқталған соң ашықтық мақсатында қала әкімі мен орынбасарларының азаматтарды жеке қабылдауы қоғамдық қабылдауда өтетін болады.
Біздің негізгі мақсатымыз халықпен тікелей диалог орнату үшін ашықтықты қамтамасыз ету болды.