Қаражал қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауын өткізу жөніндегі күнтізбелік жоспарды бекіту туралы

2026 жылғы 13 қазан

Қаражал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

№1 ҚАУЛЫСЫ

 

 

 

2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған

Қаражал қалалық мәслихаты депутаттарының

кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі  

негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарды бекіту туралы

 

 

1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 2) тармақшасына сәйкес  Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауын тағайындау туралы» № 60/98 және «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгілік күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» № 60/99 қаулыларының негізінде Қаражал қалалық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау мен өткізуді қамтамасыз ету мақсатында Қаражал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қаражал қалалық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  2. Осы қаулы Қаражал қалалық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

Қаражал қалалық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                               Е. Нүркен

 

 

Қаражал қалалық аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                              С. Ким

 

 

 

 

 

Дата публикации
13 октября 2026