Қаражал қаласының жергілікті атқарушы органдары көрсететін мемлекеттік қызметтерінің 2026 жылдың 1 жартыжылдғы бойынша есепке анықтама

Қаражал қаласының жергілікті атқарушы органдары көрсететін мемлекеттік қызметтерінің 2026 жылдың 2 тоқсаны бойынша есепке

анықтама

2026 жылдың 2 тоқсаны бойынша жалпы 730 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде:

 - қағаз түрінде - 0;

- қағаз нысанда, бірақ "электрондық үкіметтің" веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін – 0;

- мемлекеттік корпорация арқылы - 68;

- электрондық түрде – 662 (оның ішінде «электрондық үкімет» веб порталы арқылы - 349, «е-лицензиялау» АЖ арқылы - 49, электрондық нысанда көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы тікелей байланыссыз – 130,   электрондық нысанда көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы тікелей байланыспен –134).

Сәуір айында «Қаражал қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ жер қатынастары саласында 1 ашық есік күнін өткізді.

Мамыр айында «Қаражал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі,  автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ тұрғын-үй саласындағы мемлекеттік қызметтер бойынша халықпен 1 семинар  және 1 онлайн мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін өткізді. «Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі» ММ салық және кәсіпкерлік саласында 1 қызмет алушылар күнін өткізді.

 Маусым айында «Қаражал қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ 1 онлайн мемлекеттік  қызметтер жәрмеңкесін өткізді. «Қаражал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ХҚКО мамандарымен 1 семинар өткізді.

 «Қызмет алушылардың құқықтары» тақырыбында 20 брошюра таратылды.

        

          

 

Дата публикации
26 августа 2026