«Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

«Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі»

мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. «Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-мемлекеттік мекеме ) кәсіпкерлік, өнеркәсіп, сауда,  индустриялық-инновациялық саясат, инвестициялар мен сыртқы экономикалық байланыстар, ауыл шаруашылығы саласында салааралық үйлестіруді,  агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. Мемлекеттік мекеме ведомстволары жоқ.
  3. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. Мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
  5. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
  6. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  7. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеменің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. Мемлекеттік мекеме құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100700, Ұлытау облысы, Қаражал қаласы, Сайдалы Сары-Тоқа көшесі, 1 үй.

10.Мемлекеттік органның толық атауы:

 мемлекеттік тілде – «Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

Орыс тілінде- Государственное учреждение «Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Каражал»

11.Осы ереже мемлекеттік мекеме құрылтай құжаты болып табылады.

  1. Мемлекеттік мекеме қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
  2. Мемлекеттік мекеме кәсіпкерлік субъектілермен мемлекеттік мекеме өкілеттіліктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

Егер  Мемлекеттік мекеме заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

 

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіліктері

 

  1. Мақсаттары:

         Кәсіпкерлік, өнеркәсіп, сауда, инвестициялар мен сыртқы экономикалық байланыстар, индустриялық-инновациялық саясат салаларында  мемлекеттік  саясатты өткізу, агроөнеркәсіп кешені салаларының экономикалық өсуіне және бәсекеге қабілеттіліктің жаңа деңгейіне сапалы қол жеткізуге көмек көрсету мақсатында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы облыстың аграрлық саясатын қалыптастыру және іске асыру; қаладағы агроөнеркәсіптік кешенде жеке және заңды тұлғалар  жұмыс істеген жағдайда қоршаған ортаның ластануының алдын-алу және жою.

  1. Өкілеттіктері:

1) Құқықтары:

Қаланың кәсіпорындары мен мекемелерінен, мемлекеттік органдардан Мемлекеттік мекеменің жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпараттарды алуға;

Облыстық деңгейде шешілетін мәселелердің іске асырылуына байланысты ұсыныстар енгізуге;

Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамыту жоспары мен бағдарламаларды іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қала әкімдігіне  ұсынуға;

2)  Міндеттері:

Өз құзыреті шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілетін шекті бөлшек сауда бағаларын бекітуді және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілетін шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылау;

Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес рұқсат беру рәсімдерін, хабарламалар қабылдау;

Реттеушілік әсерге баламалы талдау жүргізу;

Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға реттеушілік әсерді талдау жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы есептер ұсыну;

Бірыңғай есеп беру күнін ұйымдастыру мен өткізу;

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылау;

Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген сыйақы мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылау;

Қаланың әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын әзірлеу, кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау, өндіріс, индустриялық-инновациялық саясат, сауда, инвестициялар мен сыртқы экономикалық байланыс салаларында мемлекеттік саясатты әзірлеу мен  іске асыруға  қатысу;

Индустриялық-инновациялық саясатты, кәсіпкерлікті, өндірісті, инвестициялар мен сыртқы экономикалық байланыстарды, қалалық дамыту бағдарламаларының іске асырылуы  жөнінде іс-қимылын үйлестіру және оған  мониторинг жүргізу;

Инновациялық инфрақұрылымды дамыту, индустриялық-инновациялық саясатты іске асыру, индустриялық-инновациялық бағыттағы инвестициялық      жобаларды енгізуге ықпал ету арқылы қаланың инвестициялық саясатын дамыту стратегиясын әзірлеу мен іске асыру жөніндегі   жобаларды  әзірлеу және басқару;

Осы ережеде ауыл өнімдерін шығару, дайындау, сақтау, тасымалдау, қайта өндеу, сату, сонымен қатар тамақ өнідірісі, ілеспе өндірістер және оларды заманауи техникамен, технологиялық құрал-жабдықтармен, ақшамен, ақпараттық және өзге де ресурстармен, ветеринариялық-санитарлық және фитосанитарлық қауіпсіздікті, ғылыми және кадрларды дайындауды қамтамасыз ететін қызмет саласы қосылған меншік нысанға тәуелсіз қалалық шаруашылық бағыттарының жиынтығы білінетін қалалық агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қатынастарды реттеу және салааралық үйлестіру;

Өз қызметі саласындағы мемлекет саясатын әзірлеу, жүзеге асыру, үйлестіру және насихаттауға қатысу;

Ауыл шаруашылық  саласындағы аграрлық және өзге де мемлекеттік бағдарламаларды, қаланың агроөнеркәсіптік кешеніндегі жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту стратегиясын іске асыру үшін қажетті жағдайларды жасау;

Ауыл шаруашылық саласында қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-әрекетті жүзеге асыру; шарттар, келісім шарттар, меморандумдар және т.б. негізінде сапалы ауыл шаруашылық және мал шаруашылық өнімдерімен қаланың талабын қанағаттандыру бойынша кешенді шараларды дайындау және іске асыру;

 Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, мониторинг және бағалау сапасын көтеру, нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру;

Инвестициялық-инновациялық саясатты дайындауды, агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық белсенділікті реттеу және ынталандыру бойынша шараларды, салық преференцияларын алу үшін басымдылық мағынасы бар жобаларды сараптау және іріктеуді, өз қызметі саласында кәсіпкерлікті дамыту облыстық және республикалық бағдарламаларды қалалық бюджет қаражатынан кредиттеуді ұйымдастырады және үйлестіреді;

          Сауданың сұранысы мен ұсыныстарын, конъюнктураларын және ауыл шаруашылық тауарлары қалалық азық-түлік базарының жағдайын зерттеу, оның дамыту бойынша ұсыныстар мен болжамдарды дайындау жөніндегі жұмысқа, сауда қызметінің субъектілерін бақылауға, қалада ауыл шаруашылық өнімдерінің сатылуына қолайлы жағдайларды жасау, қаланы ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша шараларды дайындауға және жүзеге асыруға, қаланыңауыл шаруашылық өндірушілерінің өңірлік, республикалық және халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысуын ұйымдастыруға қатысады;

 АҚ және ТЖ құрылымдармен командалық-штабтық дайындықтарды, нысандық дайындықтарды, тактикалық-арнайы дайындықтарды өткізуге қатысады; қалалық бюджеттен қаржыландырылатын өзге де атқарушы органдармен бірлесе отырып өзінің басқару шегіне қарай Азаматтық қорғаныс бойынша іс-шараларды жоспарлауға және олардың орындалуын қамтамасыз етуге қатысады, қаланың азаматтық қорғаныс бастығы ретінде қала әкімі өкілеттілігінің іске асырылуын ұйымдастырушылық қамтамасыз етеді;                          

 Мемлекеттік қызметтер стандарттарын қол жетімдігін қамтамасыз ету;

          Мемлекеттік мекеме құзырына жататын мемлекеттік қызметтерді заңнамада белгіленген тәртіпте Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы ауыстыруды қамтамасыз етеді;

          Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы мемлекеттік қызметтер тұтынушыларын ақпаратпен қамтамасыз ету;

          Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бағалау және бақылау жүргізу бойынша өкілетті органға тиісті ақпаратты беру,  ақпараттау саласындағы өкілетті органға мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бағалау жүргізу үшін тиісті ақпаратты беру;

          Қоғамдық мониторингті жүргізу кезінде үкіметтік емес құрылымдарға заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес тиісті ақпаратты ұсыну;

          Мемлекеттік қызметтер тұтынушыларының өтініштері мен шағымдарын қарастыру.

  1. 16. Функциялары:

 Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасын іске асыру;

 Мемлекеттік органдар және өзге де ұйымдар тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің отандық өндірісін дамытуды ынталандыру үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі шараларды іске асырады;

 Тиісті бағдарламаларды орындау туралы ақпарат жинау және жариялау арқылы қаланың рейтингін тоқсан сайынғы анықтаумен агроөнеркәсіптік кешендегі кәсіпкерлікті және жалпы кәсіпкерлікті дамыту қалалық бағдарламалардың іске асырылуын бағалау көрсеткіштердің орындалуын талдау;

 Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ахуалды болжау және талдау, кәсіпорындар, ғылыми мекемелер мен институттар материалдарын, статистикалық көрсеткіштерін жүйелендіру және өңдеу жолымен үйлеспеушілікті жою шараларын анықтау, динамикадағы және оның даму құрылымындағы тенденцияларды анықтау жолымен өз қызметі саласындағы жағдайларды зерттеу, талдау және болжам жасау, аналитикалық ақпараттарды, анықтамаларды және ұсыныстарды дайындау;

 Қаланың өндірістік кәсіпорындарының өндірістік қызметі  мен өнеркәсіп өндіріс көлемдеріне мониторинг жүргізу;

 өнеркәсіптік ірі және орта кәсіпорындарында жаңа жұмыс орындарын құру жөнінде мониторинг жүргізу;

 Өнеркәсіптік кәсіпорындар деректерін жинау және өңдеу, мониторинг жүргізу, ұсыныстар дайындау және тенденциялар айқындау арқылы қалалық индустриялық-инновациялық даму саласындағы ахуалды зерделеу, талдау және болжау;

 Институттардың, өнеркәсіп кәсіпорындар мен агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің, қала кәсіпкерлерінің ұсыныстары бойынша жобаларды дамыту институттарына жіберу, олардың жылжыту барысының мониторингі, жобалар авторларына кемшіліктерді жоюға көмектесу, тұсаукесер жасау, бірігіп жұмыс істеу туралы меморандумдар жасау арқылы жобалардың қалалық  индустриялық-инновациялық дамыту мәселелері бойынша  Қазақстан Республикасының дамыту институттарымен  бірлесіп жұмыс істеу;

 Инвестициялық және инновациялық саясатты және инвестициялық белсенділікті ынталандыру жөніндегі шараларды әзірлеуді ұйымдастыру және үйлестіру; қала аумағында жүргізілетін инвестициялық және инновациялық қызметті реттеу, қаладағы инновациялық жүйелерді ұйымдастыруға қолғабыс ету;

 Қала аумағында кәсіпкерлік қызметі мен инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдай жасау;

 Мүдделі мемлекеттік мекемелермен бірлесіп, әлеуетті инвесторларды тарту және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жөніндегі ұйымдарға қалалық инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінде іс-шаралар әзірлеу арқылы қолғабыс ету;                                                                                                                

 Ниет-хаттамалар мен келісімшарт жасасу жөнінде жұмыстар ұйымдастыру, қала мекемелері ұлттық және жүйе жасаушы компаниялардан тауарларды, жұмысты және қызмет көрсетуді сатып алудағы қазақстандық құрамдық үлесті көбейту бойынша мониторинг өткізу;

 Қаланың  рыноғындағы сұраныстар мен ұсыныстарды зерделеу, қаладағы кәсіпкерлік қызметіне қолайлы жағдайлар жасау жөнінде шаралар әзірлеу, оның даму болжауын жасау; 

 Қала кәсіпкерлікті дамытуға талдау жүргізу және кәсіпкерлікті дамыту жөнінде әкімге және қала әкімінің кураторлық жасайтын орынбасарына ұсыныстар дайындау арқылы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөніндегі қызметті үйлестіру;

 Қала кәсіпорындары мен кәсіпкерлердің өңірлік, республикалық және халықаралық көрмелерге қатысуын ұйымдастыру;

 Сауда, азық-түлік  және ЖЖМ қызметтерін қамтамасыз ету бойынша АҚ және ТЖ жұмысын ұйымдастыру;

 «Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзырына жататын мәселелер бойынша әкімге және қала әкімдігіне, қалалық мәслихатқа  нормативтік құқықтық актілер жобасын дайындау;

          Меншік түріне қарамастан, жеке және заңды тұлғалардың ауыл шаруашылық және құрылыс техникаларының техникалық жағдайын бақылауды жүзеге асырады;

           Меншік түріне және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан жеке және заңды тұлғалардың ауыл шаруашылық және құрылыс техникаларын жыл сайынғы мемлекеттік техникалық тексерістен өткізуді жүзеге асырады;

          Жеке және заңды тұлғалардың ауыл шаруашылық және құрылыс техникаларын тіркеу, қайта тіркеу;

          Ауыл шаруашылық және құрылыс техникаларын кепілге қоюға тіркеу жүргізу;

          Машиналарды жүргізуге емтихан қабылдау және тракторист-машинист куәлігін беруді жүргізу, күшін жойған куәлігін ауыстыру;

          Ауыл шаруашылық және құрылыс техникаларына сенімхаттарды тіркеу;

          Ауыл шаруашылық және құрылыс техникаларына ауыртпалықтың және тыйым салулардың болмағандығыны туралы анықтама беру;

          Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша тиісті нормативтік құқықтық акттерді дайындау;

 Мемлекеттік мекеме құзырына жататын мемлекеттік қызметтерді өзгерту, анықтау немесе жою бойынша заңнама мониторингін жүргізу;

 Өз интернет-ресурстарында мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру мен ақпараттық жүйелерін дамыту жоспарлары және нәтижелері туралы жалпыға бірдей қолжетімді ақпаратты орналастырады;

          Мемлекеттік (жергілікті) атқарушы органның құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізу;

          Қоғамдық мониторингті жүргізу кезінде үкіметтік емес құрылымдармен өзара іс-әрекеттерді қамтамасыз ету;

 Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруды ұйымдастыру;

 Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде жер учаскесінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға қатысты жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау жүргізу, атап айтқанда:

 Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жердің топырақ құнарлылығын қалпына келтіру және сақтау жөніндегі ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, гидротехникалық және эрозияға қарсы іс-шаралар кешенін уақтылы және дұрыс жүргізуін;

 Жерді жақсарту жөніндегі, топырақ эрозиясын, тұздануды, батпақтануды, су басуды, шөлейттенуді, құрғақтануды, тығыздалуды, қоқыстануды, ластануды және жердің тозуын туғызатын басқа да процестерді болғызбау және олардың салдарын жою жөніндегі іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуын;

 Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі жерге орналастыру жобаларының орындалуын;

 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында кәсiпкерлiк қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшiн жағдай жасау;      

 Көрмелік-жәрмеңкелік қызметті ұйымдастыруды жүзеге асыру;   

 Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және (немесе) маршруттарын айқындайды және бекіту;      

 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әлеуметтік кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын көрсету;      

 Аграрлық сектордың ұтымды және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етеу;

 

3-тарау.  Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіліктері

 

  1. Мемлекеттік мекеме басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол . мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

18 Мемлекеттік мекеме бірінші басшысы  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

  1. Мемлекеттік мекеме бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.                                                                                                                                                 
  2. Мемлекеттік мекеме бірінші басшысының өкілеттіктері:

 Қала әкімдігіне мемлекеттік мекеменің ережесі мен құрылысын және өзгерістерін әзірлеп, бекітуге ұсынады;

 Мемлекеттік мекеменің қызметшілерінің міндеттерін, жауапкершілігі мен өкілеттігін анықтайды;

 Қазақстан Республикасының заңнамасына мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін лауазымға тағайындап, жұмыстан босатады;

 Өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды, бұйрықтар мен өкімдерді шығарады, мекеменің барлық мамандары мен өзге де қызметкерлеріне міндетті тапсырмалар  береді;

 Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Мемлекеттік мекеме қызметкерлерін марапаттайды және  оларға тәртіптік жаза салады;

 Мемлекеттік мекеме атынан мемлекеттік органдармен және өзге мекемелермен қарым-қатынастықтарды сенімхатсыз жүзеге асырып, өз құзыреті шегінде оның мүддесін қорғайды;

 Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасындағы белгіленген шектеулер мен  жағдайларда мемлекеттік мекеменің мүлігіне иелік етеді;

 Қаржы және өкімдік құжаттарға қол қояды;

 Банкте шот ашады;

Мемлекеттік мекеме қызметшілеріне сенімхаттар береді;

 Келісімшарттарға отырады;

 Жемқорлыққа қарсы әрекет жасауға дербес жауапты болады;

 Мемлекеттік мекеменің қызметін БАҚ-да жариялануын ұйымдастырады; олармен тұрақты қарым-қатынаста болады, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қалыптасқан ахуалға және қалада жүргізілетін саясатқа түсініктеме береді, тиісті жоспарлар мен бағдарламаларды әзірлеу, қабылдау және орындау жөнінде ақпараттау, осы салада қала үшін актуальді мәселелерді шешу жолдары жөнінде  ақпарат беру;

 Мемлекеттік мекеме қызметтер көрсету стандарттары мен ережелер талаптарына сәйкес көрсететін мемлекеттік қызметтердің орындалуын ұйымдастырады;

 Мемлекеттік мекеме қызметін құжаттамалық қамтамасыз етуді, қызметтік құжаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды, түскен өтініштерді, құжатайналымды талдауды, азаматтарды жеке қабылдауды, іс-жүргізуді жақсарту және жетілдіруді, іс-жүргізу мемлекеттік және орыс тілдерінде жұмыс істеуін ұйымдастырады;

          мұрағатқа жіберілуге жататын ұйымдастырушылық-өкімдік, кадрлық және өзге де құжаттамаларды сақтауды және тиісті мемлекеттік мұрағаттарға жіберуді қамтамасыз етеді;

 қала әкімінің кадрлық саясатын жүзеге асыруға жәрдемдеседі,  қала әкімі келісу үшін мемлекеттік мекеме мамандарын және басқа да қызметкерлерін лауазымға тағайындау және босату туралы ұсыныстарды келісуге ұсынады;

 азаматтар мен  мекеме қызметшілерін жеке мәселелер бойынша жеке қабылдауды жүргізеді;  

 Мемлекеттік техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақтылы көрсетуге дербес жауапты болады;

 Мемлекеттік мекеме бірінші басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін   қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

  1. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

 

4 - тарау. Мемлекеттік органның  мүлкі

 

  1. Заңнамада көзделген жағдайда мемлекеттік мекеме жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

Мемлекеттік мекеме мүлкі  оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ қызметі нәтижесінде сатып алынған  мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзіне бекітіліп берілген, өзінің балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асырады.

23 Мемлекеттік мекеме бекітілген мүлігі  коммуналдық меншікке жатады.

  1. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5 - тарау. Мемлекеттік мекемені  қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. Мемлекеттік мекеме қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Дата публикации
25 июня 2026