«Қаражал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Қаражал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Бұдан әрі-мемлекеттік мекемесі) тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. Мемлекеттік мекеменің мынадай ведомстволары бар: «Қаражал қаласының әкімдігінің қалалық коммуналдық шаруашылығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
  3. Мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. Мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
  5. Мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
  6. Мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  7. Мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. Мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Ұлытау облысы, 100700, Қаражал қаласы, Сайдалы Сары Тоқа көшесі, 1 үй.
  10. Мемлекеттік органның толық атауы:

мемлекеттік тілде - «Қаражал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде - Государственное учреждение «Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта, автомобильных дорог и жилищной инспекции города Каражал».

       

  1. Осы Ереже «Қаражал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  2. Мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
  3. Мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

        Егер  мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кіріс       әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

 

  1. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

 

  1. Мақсаттары:

1) өңірдің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, тұрғын үй инспекциясы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік саясатты жүргізу.

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.

  1. Өкілеттіктері:

1) құқықтары:

осы Ережеде көзделген өкілеттіктерді іске асыру үшін мемлекеттік мекеме өзінің өкілеттігі шегінде ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан, кәсіпорындардан, ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға құқылы;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

2) міндеттері:

заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау, сондай-ақ мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын түсініктемелер беру;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

  1. функциялары:

1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

         2) қаланың энергетикалық кешенінің, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының, сумен жабдықтау, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдарын дамытуға бағытталған стратегиялық бағдарламалар әзірлеу;

        3)  жылу беру көздерінің, жылу, су, кәріз  құбырлары мен электр желілерінің, жолаушыларды тасымалдау кешендерінің үздіксіз қызметін қамтамасыз ету және қала тұрғындарын сапалы коммуналдық қызметтермен қанағаттандыруға бағытталған жұмыс кешенін үйлестіру;

       4) тұрғындардың тіршілігін қамтамасыз ету нысандарының,  тұрғын үйлер мен әлеуметтік-мәдени нысандарының қысқы маусымға дайындауға қажетті жұмыс көлемін, қаржыландыру көздерін анықтау, инвестиция тарту, бюджеттік несиелендіру іс-шараларын үйлестіру;

5) Қаражал қаласының құзырлығындағы «Қаражал қаласының әкімдігінің қалалық коммуналдық шаруашылығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны қызметін басқару;

6) өз құзыреті шегінде инженерлік инфрақұрылым нысандарын пайдалану және тұтынушыларды коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету сұрақтары бойынша нормативтік-құқықтық актілерінің сақталуына бақылау жасау;

         7) Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті атқарушы органдармен, қаланы құрайтын және тағы басқа кәсіпорындар мен ұйымдармен, сонымен қатар мекемелермен бірлесе әрекет ете отырып қала және елді-мекендер аумақтарын санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстарын үйлестіру;

8) тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

9) нысандардың постутилизациясы бойынша жұмыстар кешенін жүргізеді;

10) мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастырады;

        11) апатты жағдайдағы және тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзу жұмыстарын  ұйымдастырады;

         12)Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етеді;  

         13) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шарттарда және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді азаматтардың меншігіне беру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

14) Меншік иелері тастап кеткен тұрғын үйді анықтау бойынша жұмыс жүргізеді, жылжымайтын мүлікті иесіз деп тану және коммуналдық меншік құқығы бойынша сотта өкілдік етуді жүзеге асырады;

15) Тұрғын үй-жайлар түріндегі мұраны сот тәртібімен иесіз қалған мүлік деп тану бойынша жұмыс жүргізеді;

16) Коммуналдық тұрғын үйде заңсыз тұратын адамдарды сот тәртібімен шығару бойынша жұмыс жүргізеді;

         17) қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендіру мәселелерін шешеді;

18) Жалпыға ортақ пайдаланылатын қалалық маңызы бар автомобиль жолдары желісін басқарады;

19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлік саласындағы жолаушылар тасымалын ұйымдастырады;

20) Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын әзірлейді және қаланың жергілікті өкілді органына бекітуге ұсынады;

21) коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін әзірлейді және қаланың жергілікті өкілді органына бекітуге ұсынады;

22) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

23) жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау мәселелерін реттеу саласындағы уәкілетті органның функцияларын жүзеге асырады;

24) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді;              

25) пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің кондоминиум нысанын басқару нысанын таңдау рәсімінің сақтауына, ағымдағы және жинақ шоттарын ашуына мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асырады;

         26) объектіде және көппәтерлі тұрғын үйдің маңындағы аумақта пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуына мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асырады;

         27) көппәтерлі тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) үйге ортақ жылу, энергия, газ және су ресурстарын есепке алу аспаптарының болуына мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асырады;

         28) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйіне, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалау құжаттарына сәйкес оны күтіп-ұстау және жөндеу бойынша жұмыстарды уақтылы орындалуына мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асырады;

         29) көппәтерлі тұрғын үйді маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асырады;

         30) анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шешімдер мен нұсқамалардың орындалуына мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асырады;

         31) жергілікті бюджет қаражаты есебінен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жобалау ұйымын анықтауға және жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауға конкурс өткізуге мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асырады;

         32) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстардың сапасына мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асырады;

         33) елді мекеннің шекарасы шегінде тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газбен жабдықтау жүйелерінің тұрмыстық баллондары мен объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асырады;

34) тазалықты сақтауға мемлекеттік бақылау жүргізу;

35) «Тұрғын үй сертификаттарын беру» мемлекеттік қызметін көрсету.

 

3.Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

 

  1. Мемлекеттік мекемесіне басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол мемлекеттік мекемесіне       жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  2. Мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қаражал қаласының әкіміжергілікті мемлекеттік мекеме туралы  заңнаға сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатады Қазақстан РеспубликасыныңМемлекттік басқару және өзін – өзі .          
  3. Мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болмайды.
  4. Бірінші басшысының өкілеттіктері:

1) мемлекеттік мекеменің жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады;

2) қала әкімдігіне мемлекеттік мекеменің Ережесі мен құрылымын, сондай-ақ олардағы өзгерістерді бекітуге ұсынады;

3) мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

4) мемлекеттік мекемедегі ішкі еңбек тәртібі ережелерін бекітеді, Мемлекеттік қызмет туралы заңнама мен Әдеп кодексінің орындалуын бақылайды;

5) шарттар жасайды;

6) сенімхаттар береді;

7) мемлекеттік мекеменің іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың өзге де түрлері бойынша тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

8) банк шоттарын ашады;

9) барлық қызметкерлер үшін міндетті нұсқаулар береді;

10) жоғары тұрған лауазымды тұлға тағайындайтын қызметкерлерден басқа, мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады.

11) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жазалар қолданады;

12) мемлекеттік мекеменің актілеріне қол қояды;

13) мемлекеттік мекеме жұмысының стратегиялық және ағымдағы жоспарларын бекітеді;

14) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекеменің атынан сенімхатсыз өкілдік етеді;

15) сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылданбауына дербес жауапты болады.

Мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

 

4.Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. Мемлекеттік мекемесі заңнамада «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлкі туралы» Заңда және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берідген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидаларында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

       Мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік,       сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзіне бекітіліп берілген, өзінің балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асырады.

  1. Мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. Мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне және «жергілікті мемлекеттік мекеме туралы» Заңға өзін-өзі басқару.

    Мемлекеттік мекеме және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі: «Қаражал қаласының әкімдігінің қалалық коммуналдық шаруашылығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

 

     

 

                                     

 

Дата публикации
25 июня 2026