«Қаражал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі

«Қаражал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

ережесі

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Қаражал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мемлекеттік мекеме) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. Мемлекеттік мекеменің ведомстволары жоқ.
  3. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. Мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
  5. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан жасайды.
  6. Мемлекеттік мекеме егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  7. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Ұлытау облысы, Қаражал қаласы, Сары Тоқа көшесі, 1 үй, пошталық индексі: 200122.
  10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Қаражал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, орыс тілде- Государственное учреждение «Отдел занятости и социальных программ города Каражал».
  11. Осы ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
  12. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен жүзеге асырылады.
  13. Мемлекеттік мекеме кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеме функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер мемлекеттік мекеме заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

 

  1. Мемлекеттік органның мақсаттары

мен өкілеттіктері

 

  1. Мақсаттары:

1) халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

  1. Өкілеттіктері:

1) Құқықтары:

осы Ережеде көзделген міндеттер мен өкілеттіктерді іске асыру үшін мемлекеттік мекеме өзінің өкілеттігі шегінде ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан, кәсіпорындардан, ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға құқылы;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыру.

2) Міндеттері:

заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау, сондай-ақ мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын түсініктемелер беру;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

  1. Функциялары:

«Қаражал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі құзыретіне  жататын сұрақтар бойынша азаматтар мен занды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, қарау және Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген  мерзімдер мен тәртіпке сәйкес өтініш білдірушіге қабылданған шешім жөнінде хабарлау ;

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу;

тұрғын үй көмек тағайындау және төлеу;

жекелеген санаттарына жергілікті өкілетті органдардың шешімдері;

мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу;

мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды жеке бағдарламаға сәйкес санаторийлік-курорттық емдеумен қамтамасыз ету;

мүгедектігі бар адамдарды жеке бағдарламаға сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету;

жеке бағдарламаға сәйкес жүріп-тұруы қиын, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің, есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының көрсетілетін қызметтерімен қамтамасыз ету;

мүгедектігі бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында кезделген қосымша әлеуметтік көмек шараларын ұсыну;

Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру;

тұрғын үй сертификатын беру;

әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық пен қамқоршылық белгілеу;

мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қызмет көрсететін мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды рәсімдеу;

үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;

халықтың арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттіліктеріне талдау жүргізу;

арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жүйесін дамыту жөнінде шаралар қабылдау;

арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік жұмыскерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруда ұймдастыру;

арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;

арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру;

қаладағы жұмыс күші бөлігінде сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау және жергілікті атқарушы органды хабардар ету;

жергілікті атқарушы органдарға халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары бойынша ұсыныстар енгізу;

жергілікті атқарушы органдарына жұмыс күшінің мобильділігін арттыру мақсатында адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін елді мекендерді айқындау бойынша ұсыныстар енгізу;

өңірлік жұмыспен қамту картасын және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру;

ұлттық жобалар, қаланы дамыту жоспарлары, өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде жұмыс орындарын құру мониторингін жүзеге асыру;

жұмыс орындарын босату және қысқарту тәуекелдері бар ұйымдардың мониторингін жүзеге асырады;

халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу;

әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның жұмысын ұйымдастыру;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жүргізу.

 

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

  1. Мемлекеттік мекемені басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады ол мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруна дербес жауапты болады.
  2. Мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
  3. Мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) қызметкерлерінің міндеттерін мен өкілеттігін белгілейді;

2) заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

         3) заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне тәртіптік жаза, көтермелеу шараларын  қолданады және еңбек қатынастары мәселелерін шешеді;

         4)  бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

         5) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекемесін  білдіреді;

         6)  сенімхаттар береді;

         7) бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және тәртіптік жауапкершілік жөнінде шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;

8)  азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шарттар жасасады және өзге де мәмілелер жасайды.

Мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

 

 

  1. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. Мемлекеттік мекемеде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2.   Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеме, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

         23 Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
25 июня 2026