«Қаражал қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі

«Қаражал қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Қаражал қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Бұдан әрі-мемлекеттік мекемесі) құрылыс салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. Мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
  4. Мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарды (мемлекеттік органның қысқаша атауы) өз атынан жасайды.
  5. Мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  6. Мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  7. Мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, 100700, Қаражал қаласы, Сайдалы Сары Тоқа көшесі, 1 үй.
  9. Осы Ереже мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  10. Мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
  11. Мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

        Егер  мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кіріс       әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

 

  1. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
  2. Мақсаттары:

1) Қаражал қаласы және кенттер аумағында мемлекеттік құрылыс саясатын жүргізу:

2) құрылыс қызметін жүзеге асыру кезінде қолайлы мекендеу және тіршілік ету ортасын, Қаражал қаласының тұрақты дамуын қамтамасыз ету.

  1. 13. Өкілеттіктері:

1) құқықтары:

осы Ережеде көзделген өкілеттіктерді іске асыру үшін мемлекеттік мекеме өзінің өкілеттігі шегінде ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан, кәсіпорындардан, ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға құқылы;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

2) міндеттері:

заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау, сондай-ақ мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын түсініктемелер беру;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

  1. функциялары:

Қаражал қаласы және кенттер аумағында құрылыс саласындағы мемлекеттік басқару;

мемлекеттік бағдарламаларға, аумақтарды дамытудың қысқа, орта және ұзақ мерзімді жоспарларына, құрылыс объектілерінің бизнес және мастер жоспарларына енгізу бойынша инвестициялық ұсыныстар дайындау;

бюджет қаражаты мен нысаналы трансферттерді жоспарлауға және бөлуге қатысу, қала бюджетін қалыптастыру кезінде жобалау-іздестіру жұмыстарына, инженерлік инфрақұрылымды күрделі және ағымдағы жөндеуге ұсыныстар енгізу;

"Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру қағидаларына"сәйкес бюджет қаражаты есебінен жобаланатын және салынатын объектілер бойынша Тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асыру;

"құрылысқа арналған жобалық құжаттаманы әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі және құрамы"ҚР ҚН талаптарына сәйкес белгіленген объектіні жобалауға бастапқы деректерді дайындау;

оң қорытынды алу үшін жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын сараптамаға (мемлекеттік, ведомстводан тыс, экологиялық және қажет болған кезде басқалары) беру;

"қаржыландыру көздеріне қарамастан, құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техникалық-экономикалық негіздемелерге) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына сараптама жүргізу, сондай-ақ салынып жатқан жобаларды бекіту Қағидаларына" сәйкес оң сараптамалық қорытынды алынғаннан кейін құрылысқа (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға) арналған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын бекіту бюджет қаражаты есебінен";

Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өкілеттіктер шегінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;

мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп ережелеріне сәйкес бухгалтерлік есеп пен бақылауды ұйымдастыру және жүргізу;

мемлекеттік тапсырысқа сәйкес инженерлік инфрақұрылым объектілерін қайта жаңарту және күрделі жөндеу бойынша жұмыстарға мониторинг жүргізу.

 

3.Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

 

  1. Мемлекеттік мекемесіне басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  2. Мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.    
  3. Мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болмайды.
  4. Бірінші басшысының өкілеттіктері:

 мемлекеттік мекеменің жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады;

қала әкімдігіне мемлекеттік мекеменің Ережесі мен құрылымын, сондай-ақ олардағы өзгерістерді бекітуге ұсынады;

мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

мемлекеттік мекемедегі ішкі еңбек тәртібі ережелерін бекітеді, Мемлекеттік қызмет туралы заңнама мен Әдеп кодексінің орындалуын бақылайды;

шарттар жасайды;

сенімхаттар береді;

мемлекеттік мекеменің іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың өзге де түрлері бойынша тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

банк шоттарын ашады;

барлық қызметкерлер үшін міндетті нұсқаулар береді;

жоғары тұрған лауазымды тұлға тағайындайтын қызметкерлерден басқа, мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады.

заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жазалар қолданады;

мемлекеттік мекеменің актілеріне қол қояды;

мемлекеттік мекеме жұмысының стратегиялық және ағымдағы жоспарларын бекітеді;

мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекеменің атынан сенімхатсыз өкілдік етеді;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылданбауына дербес жауапты болады.

Мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

  1. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

 

4.Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. Мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

       Мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік,       сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзіне бекітіліп берілген, өзінің балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асырады.

  1. Мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. Мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Дата публикации
24 июня 2026