«Өңірлік коммуникация қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының лауазымдық міндеттері

Лауазымдық міндеттері:

  1. Мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды;

1.2 Барлық қызметкерлерге бірдей міндетті бұйырықтар шығарады, нұсқаулар береді;

1.3 Қызметкерлерді жұмысқа қабылдап, жұмыстан босатады;

1.4 ҚР заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін мадақтау және тәртіптік жаза белгілеу шараларын қолданады;

1.5 ҚР заңнамасымен, мекеме Жарғысымен және басқарманың жүктеген өзгеде міндеттерін жүзеге асырады;

1.6 Жаңа әдістер мен технологияларды пайдалана отырып, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіре отырып, ақпаратты әдейі бұрмалаумен және жалған ақпаратты таратумен байланысты ақпараттық ықпал ету фактілерін анықтауға катысады;

1.7 Республикалық және өңірлік БАҚ өкілдерімен диалог алаңдарын ұйымдастыру;

1.8 Мемлекеттік органдар үшін ақпаратты іс-шаралардың оқиғалар қатарын дайындау ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-мен келісіледі;

1.9 Талдамалық ақпараттық материалдарды дайындау және басып шығару және мемлекеттік органдардың баспасөз хатшылары мен БАҚ редакторлары үшін ақпараттық саясатты жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу.

 

  1. Лауазымдык жауапкершіліктері:

2.1 Сыбайлас жемкорлық құқық бұзушылықтар жасауға, протекционизмге, непотизмге және жақын туыстарына тікелей бағынуға жағдай жасауға жол бермеу туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты сақтау;

2.2 Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес ұйымдағы заңсыз миссионерлік қызметі үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады;

2.3 Қызметі нәтижесінде алынған адамдар мен қызмет алушылардың жеке деректерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жария етпеу;

2.4 Мекеменің Жарлықта бекітілген қызмет пәніне және мақсатына жауап бермейтін қызметпен айналысуға, сондай-ақ мәміле жасауға құқығы жоқ;

2.5 Мекеме өзінің қызмет мақсатына қайшы келетін, Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтай құжаттарымен айқын шектелген, я болмаса басшының жарғылық құзіретін бұза отырып жасаған мәміле «Ұлытау облысының қоғамдық даму баскармасы» ММ немесе Ұлытау облысы әкімдігінің, я болмаса прокурордың талап арыз бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін;

 

Дата публикации
12 декабря 2024