Бекітемін
Ұлытау облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы
____________Д.Мұхан
«___» ____________ 2024 жыл
«Ұлытау облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша
анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен
жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
|
№ |
Ұсыныс |
Іс-шара |
Іс-шараны аяқтау нысаны |
Орындаушылар |
Іс-шараны орындау мерзімі |
|
1. |
Қоғамдық-саяси жағдай және идеологиялық жұмыс бөлімінің басшысы А.Айтқұлов тиісті құзыретті органға хат дайындасын: «Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» атағын беру қағидаларына (Ұлытау облыстық мәслихатының 2022 жылғы 10 қазандағы №8/47 шешімі) өзгеріс және/немесе толықтыру енгізу үшін: комиссия қызметінің нақты сипаттамасы және үміткерлерді іріктеу критерийлері (мәртебесі, жұмыс өтілі, алынған наградалар және т. б. бойынша), балдық бағалау жүйесі, тізбе комиссияның қорытынды шешімін қабылдауға арналған құжаттар. |
«Ұлытау облыстық мәслихат аппараты» ММ-не хат жолдау |
Өзгеріс енгізу туралы хат |
А.Айтқұлов |
01.12.2024 |
|
2. |
Қоғамдық-саяси жағдай және идеологиялық жұмыс бөлімінің басшысы А.Айтқұлов тиісті құзыретті органға хат дайындасын: басқару штатын ұлғайту және мемлекеттік сатып алу, қаржы-шаруашылық және әкімшілік жұмыстар жөніндегі бөлімді құру мүмкіндігі туралы. |
«Ұлытау облысы әкімінің аппараты» ММ және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті» ММ хат жолдау |
Штат кестесін бекіту |
А.Айтқұлов |
01.12.2024 |
|
3. |
Қоғамдық-саяси жағдай және идеологиялық жұмыс бөлімінің басшысы А.Айтқұлов тиісті құзыретті органға хат дайындасын: маман тарапынан қате бағалауды болдырмау және Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу» порталы мен «Үкіметтік емес ұйымдардың Дерекқоры» порталын интеграциялау қажеттілігі туралы. |
«Электрондық қаржы орталығы» акционерлік қоғамына хат жолдау |
«Электрондық қаржы орталығы» акционерлік қоғамына хат |
А.Айтқұлов |
01.12.2024 |